12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ОЙ ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНУЫ КЕРЕК

Авторлық қауымдастықтар әбден шектен шықты. Олар тек өз қалталарын ғана ойлайды. Түскен қаржының денін өздері иемденіп, шығармашылық иелерінің еңбегін жеп отыр. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалуы керек.

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бақытжан Базарбек осылай деп мәлімдей келе, құзырлы орын басшысының бұл мәселеге қатысты ұстанымын қайта-қайта сұрады. Алқалы жиында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы бірінші оқылымда қаралған болатын. Жаңа құжатты қорғаған еліміздің Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев авторлық қауымдастық жайлы ақпараттың енді қолына тигенін, осы жиыннан шыға сала бұл мәселені жан-жақты зерделеп, қажеттігі туса құзырлы орындарға шығатынын айтып құтылды. Отырыста сөз алған, сұрақ қойған депутаттардың дені авторлық қауымдастықтар әрекетін сынға алып жатты. Олардың сөзінен түйгеніміз, бүгінде бұл ұйымдар үшін шығармашылық адамдарының еңбектері оңай олжаның көзіне айналғандай. Былтыр мәселен, авторлық құқық бойынша түскен 1,8 млрд теңгенің аталмыш қауымдастықтар тек 30 пайызын ғана авторларға төлепті. Яғни, оның 4 млн теңгесі ғана тиісті адамдар еншісіне тиген. Қалған қаржы қауымдастықтың қалтасында қалған. Осыны ортаға салған депутаттар бұл үрдістің шығармашылық қызметке деген ынтаны төмендетіп, еңбегі ақталмаған талантты адамдардың өз идеяларын, қабілеттерін өзге елде жүзеге асыруына алып келіп, елдің болашағына, дамуына кері әсерін тигізетінін айтып, нақты шаралар қабылдау қажеттігін мәлімдеп жатты. Министрдің айтуынша, мұндай мәселе негізінен өзара шарт аясында шешілетіндігін, жалпы аталмыш құжат аясында бұл үрдісті цифрландыру арқылы ашықтығын қамтамасыз ету көзделіп отырғандығын жеткізді. Оның сөзінен ұққанымыз авторлық құқық бойынша толыққанды төлемнің жүзеге асуы үшін біріншіден заңнамалық негіз, екіншіден ұйымдастыру шаралары қажет. Қаралып отырған құжат аясында бұл мәселені шешудің барлық мүмкіндігі көзделіп отыр. Заң жобасы депутаттардың бастамашылығымен дайындалыпты. Жалпы заң жобасының негізгі мақсаты – зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, зияткерлік меншікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту және креативті экономиканы дамыту жөніндегі қосымша құқықтық құралдарды енгізу. Заң жобасы Азаматтық кодекске, Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексіне, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының Патент заңы», «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы», «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» заңдарына түзетулер енгізуді көздейді. Мәселен, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңның 16-бабына сәйкес автордың немесе өзге де құқық иеленушінің туындыны пайдаланудың әрбір түрі үшін сыйақы алуға құқығы бар. Бұл ретте отандық заңнамада авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін ретрансляциялау бөлігінде автордың, орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының мүліктік құқықтары көзделмеген. Осыған байланысты авторлардың және өзге де құқық иеленушілердің құқықтарын нақтылау мақсатында «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңға (ретрансляция бойынша) түзетулер ұсынылып отыр. Сонымен қатар «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңның 19-бабына өзгерістер енгізу арқылы зағиптар мен көру қабілеті бұзылған немесе баспа өнімдерін қабылдау қабілеті шектеулі адамдардың жарияланған туындыларға қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында авторлардың құқықтарына қосымша шектеулер енгізілмек. «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» заңға тауар белгілері ретіндегі белгілеулерге жедел сараптама жүргізу және оларды тіркеу мүмкіндігі бөлігінде (жеделдетілген тәртіппен алдын ала сараптама бойынша – он жұмыс күні ішінде (қазіргі уақытта – бір ай ішінде), толық сараптама бойынша – өтінім берілген күннен бастап үш ай ішінде (қазіргі уақытта – 7 ай ішінде) түзетулер жасалды. Жеке немесе заңды тұлғалардың қызметінде бренд немесе логотип, әдетте, оны сараптамалық ұйымда тіркемес бұрын пайдаланыла береді. Бұл мән-жайлар дамушы брендті пайдаланудан пайда табуға байланысты үшінші тұлғалар тарапынан жосықсыз іс-қимылдарды көздеуі ықтимал. Тауар белгілерін тіркеу мерзімі ескеріле отырып, адамдардың оны қорғауға мүмкіндігі болмайды, өйткені бренд тіркеу сатысында болуы мүмкін. Аталмыш талап осындай әрекеттерге тосқауыл қояды деген үміт бар. Тағы бір жаңалық патенттік сенім білдірген өкілдерге қатысты. Министрдің айтуынша, Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдерінің өнеркәсіптік меншік объектілері бөлігінде мамандануының болмауы зияткерлік меншіктің белгілі бір салаларында шектеулі сараптамаға алып келеді. Мамандандырусыз сенім білдірілген өкілдер техникалық жағынан күрделі салаларды терең түсінуде қиындықтарға тап болады, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етуі мүмкін. Сондықтан патенттік сенім білдірілген өкілдерді даралау құралдары мен өнеркәсіптік меншік объектілері бойынша мамандандыру талабы енгізілді. Бүгінде тауар белгісіне өтінім келіп түскен және сараптама жүргізілген кезде кез келген мүдделі адам оның құқықтарын ықтимал бұзушылықтар болған жағдайда, оның тіркелуіне бір ай мерзімде дауласуға құқылы. Көбінесе бұл мерзім жеткіліксіз, өйткені бұл процесс осы бұзушылықты тіркеуді және қарсылықты жіберу үшін қажетті материалдарды дайындауға қажетті рәсімдер жүргізуді қамтиды. Құқық иеленушілердің құқықтарын ықтимал бұзу туралы сигнал түспеген жағдайда, заңсыз тауар белгісін тіркеу қаупі болуы мүмкін. Осыған байланысты заң жобасы аясында тауар белгісі ретіндегі белгілеуді тіркеуге қарсылық беру мерзімін 2 айға дейінгі мерзімге (қазіргі уақытта – 1 ай ішінде) ұлғайту жөнінде түзетулер ұсынылды.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

30 лет единства и созидания

XXXIV СЕССИЯ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА, ПОСВЯЩЕННАЯ 30-ЛЕТИЮ УНИКАЛЬНОГО ОБЩЕСТВЕННОГО ИНСТИТУТА, ОЗНАМЕНОВАЛАСЬ ПРОГРАММНЫМ ВЫСТУПЛЕНИЕМ ПРЕЗИДЕНТА СТРАНЫ, В КОТОРОМ ОН НЕ ТОЛЬКО ПОДЫТОЖИЛ ДОСТИЖЕНИЯ АНК, НО И ОТКРОВЕННО ВЫСКАЗАЛСЯ ОБ УГРОЗАХ ВНЕШНЕГО ВМЕШАТЕЛЬСТВА.

Ресей Жеңістің 80 жылдығына орай атысты уақытша тоқтататынын мәлімдеді

Ресей президенті Владимир Путиннің шешімімен Ресей тарапы 8 мамырға қараған түні сағат 00:00-ден бастап 11 мамыр сағат 00:00-ге дейін барлық ұрыс қимылын тоқтатады.

Қытайға жер берілетіні қаншалық рас?

Әлеуметтік желілерде Қазақстан ауыл шаруашылығы мақсатындағы ауқымды жерді Қытайға беруді жоспарлап отырғаны туралы ақпарат тарап жүр.

Қазақстан халқының бірлігі күні: 1 мамырда Алматыда қандай шаралар өтеді?

1 мамырда Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ауқымды мереке өтеді.

Ұлы Жеңіске 80 жыл: Қазақстанда 9 мамыр қалай аталып өтеді?

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың ең әсерлі сәті әуе кемелерінің шеруі болмақ.