12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

КІТАП ҚҰНДЫЛЫҒЫ БИІКТЕЙ БЕРЕДІ

Биыл алғаш рет Ұлттық кітап күні аталып өтуде. 23 сәуірге белгіленген арнайы мерекелік күнге арналған шара Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өткен кеште кітап көрмесі де ұйымдастырылды. Шараға жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Сенат пен Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ «Атамұра»«Жазушы», «Дәуір», «Фолиант» және басқа да баспа басшылары, кітапхана директорлары қатысты.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында жастарды кітап оқуға баулу, кітап оқитын ұлтқа айналдыру мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтқан еді. Іс-шара аясында сирек кітаптар мен қолжазбалар көрмесі, Жеңістің 80 жылдығына арналған әдебиеттер және былтыр ғана мемлекеттік тапсырыспен жарық көрген 200-ге жуық кітап пен иллюстрациялар қойылған көрме ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, шарада «Ұлттық кітап» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқауға кейінгі екі жылда жарық көрген қазақстандық авторлардың кітаптары қабылданды. Жеңімпаздар 9 номинация және бір Гран-при бойынша анықталды. Олардың қатарында «Ең үздік балалар кітабы», «Ең үздік комикс», «Нон-фикшн жанрындағы ең үздік кітап», «Ең үздік детектив», «Сатира жанрындағы ең үздік кітап», «Ең үздік иллюстрацияланған кітап», «Ең үздік аударма кітап», «Фантастика жанрындағы ең үздік кітап» және «Ең үздік баспа» иегерлері бар. Ал байқаудың Гран-при жүлдесі – «Жыл кітабы» атағын алған авторға табысталды. Айта кетейік, байқауға 120 өтінім қабылданған. Жалпы сыйақы қоры – 41,5 млн теңге. Номинация жеңімпаздары І, ІІ және ІІІ орындарға ақша лай жүлде алса, ал Гран-при иегері 5 млн теңге көлемінде сыйақыға ие болды. «Бүгін біз алғаш рет Ұлттық кітап күнін атап өтіп отыр­мыз. Бұл күн «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық» күнімен тұспа-тұс келді. Сондай-ақ, Ұлттық академиялық кітапхананың құрылғанына 21 жыл толып отырғанын ерекше атап өткім келеді. Бұл – тек кітапханалар үшін ғана емес, кітап баспалары үшін де мереке. Халық айтпақшы, кітапхана – автор мен оқырман арасындағы алтын көпір. Бүгінде еліміздің барлық кітапханаларында мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр, ал осының аясында мыңнан астам түрлі шара ұйымдастырылды. Барша келушілерге шын жүректен табыс тілеймін. Біз шын мәнінде Президентіміз айтқандай, кітап оқитын ұлт пен мемлекетке айналамыз деп сенемін», – дейді ҚР Ұлттық академиялық кітапхана директорының орынбасары Әлия Қожабекова. Жалпы, мереке қарсаңында ел бойынша 16-23 сәуір аралығында «Ұлттық кітап күні» атты кітап апталығы өтті. Оның аясында барлық өңірлерде 300-ден астам тақырыптық шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған челлендж ұйымдастырылған. Оған алғашқылардың бірі болып елге белгілі жазушылар, ақындар мен мәдениет қайраткерлері қатысып, жұртшылықты кітап оқуға шақырды. Қорыта келе үшінші Ұлттық құрылтай бастамасында көрсеткендей, кітап құндылығы жоғалмау керек. «Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Тәуелсіздік кезеңінде елімізде кітапхана ісі кенжелеп қалды. Тоқсаныншы жылдардағы аласапыран уақытта мыңдаған кітапхана жабылды. Миллион­даған кітап қорынан айырылдық.

Соңғы жылдары жағдайды түзеу үшін әрекет жасалып жатыр» деген Мемлекет басшысы кітапхананың да қоғамда маңызды жұмыс атқараты­нын айтты. Яғни, Атырау­дағы құрылтай жиынында Қасым-Жомарт Тоқаев елге қажет құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталатынын, оның оқырманға қолжетімді болудан бөлек, кітапхана ісін дамытуға бей-жай қарауға болмайтынын баса ескертті. Демек, Президент терең мән берген мұндай рухани дүние алдағы уақытта ауқымды жобаларға да ұласатыны анық.

Шернияз

ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ

Фото авторы

Оңалхан ӨНЕРХАН

ПОРТРЕТ МАНИПУЛЯТОРА 

МАНИПУЛЯЦИЯ – ЭТО НЕ ПРОСТО ВЛИЯНИЕ. ЭТО ИСКУССТВО УПРАВЛЕНИЯ...

Ключевой инструмент стабильности

Казахстан наращивает темпы военного взаимодействия с ключевыми международными партнерами....

О друге, наставнике, учителе

Каждый из нас находит вдохновение в других людях, в...

Қазақтың рухани мұрасы – халқымыздың мәдени қазынасы

2025 жылы қазақтың ұлы ойшылы, ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының...

Абай – қазақ халқының ұлы тұлғасы

Абай Құнанбайұлының180 жылдығына орай мақала жазу – бұл қазақ...