1991 жылдан бері қанша қазақ тарихи Отанына оралды?

2025 жылдың басынан бері 3,2 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 151 мыңнан аса этникалық қазақ оралған.

Қай елдерден оралған?

  • Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (48,1%) Қытайдан;
  • 39,5%-ы Өзбекстаннан;
  • 5,8%-ы Түрікменстаннан;
  • 2,5%-ы Монғолиядан;
  • 1,9%-ы Ресейден;
  • 2,2%-ы басқа елдерден.

Кімдер оралып жатыр?

1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар үлесі 60,7%, еңбекке қабілетті жастан кішілердің үлесі 31,1% және зейнеткерлердің үлесі 8,2% болған.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,9%-ы жоғары білімді, 27,8%-ы орта кәсіби білімді, 52,9%-ы жалпы орта білімді және 1,4%-ының білімі жоқ.

Отанына оралғандар қай өңірлерді таңдайды?

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы мынадай өңірлер анықталған: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы — 2 309 адам. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 642 қандас қоныс аударған.

Мұндай өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады, бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (59-ден 118 мың теңгеге дейін) мөлшерінде беріледі.

Жыл басынан бері 147 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетіліп, 94 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған.

Грантқа құжат қабылдау басталды: Шекті баллдар қандай? 

Қабылдау науқаны аясында ауыл жастары мен әлеуметтік осал топтарға арналған мемлекеттік квоталар қарастырылған.

Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа табыс 252 мың теңгеден асты 

Министрлік мұндай нәтижеге инфляцияның біртіндеп баяулауы ықпал еткенін атап өтті.

Қазақстанда алғаш рет «Құрметті донор» төсбелгісі тағайындалды 

Алғашқы болып бұл марапатқа бекітілген талаптарға толық сәйкес келетін 481 тұрақты донор ие болады.

Из плоскости кулуарных домыслов в строго правовое русло

КОНСТИТУЦИОННЫЙ СУД РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПОСТАВИЛ ТОЧКУ В ВОПРОСЕ ПРИМЕНЕНИЯ ОТДЕЛЬНЫХ НОРМ НОВОЙ КОНСТИТУЦИИ К ЛИЦАМ, ЗАНИМАВШИМ ВЫСШИЕ ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ДОЛЖНОСТИ ДО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ. ОФИЦИАЛЬНОЕ ТОЛКОВАНИЕ ОПРЕДЕЛИЛО, КАК БУДУТ ПРИМЕНЯТЬСЯ ОГРАНИЧЕНИЯ ПРИ ИХ ПОВТОРНОМ ИЗБРАНИИ ИЛИ НАЗНАЧЕНИИ ПОСЛЕ ВСТУПЛЕНИЯ В СИЛУ ОСНОВНОГО ЗАКОНА 2026 ГОДА.