23 сәуір – Қазақстанда Ұлттық кітап күні аталып өтеді. Бұл – оқудың әлі де неге маңызды екенін еске салатын жақсы мүмкіндік. Әдебиет қай кезде де мәдениетіміздің маңызды бөлігі болып қала береді, ол ойлау қабілетін, дүниетанымды және қиялды дамытуға көмектеседі.
Бұл күннің жыл сайын атап өтілуі – кітапқа деген қызығушылықтың айғағы. Қазір елімізде 12 мыңға жуық кітапхана жұмыс істейді, ал олардың қорында шамамен 300 миллион кітап бар. Бұл – классикадан бастап ғылыми еңбектерге дейін кез келген дүниені табуға болатын маңызды орындар. Дегенмен, бүгінде адамдар жиі электронды сервистерге жүгінуде – бұл таңғаларлық жайт емес.
Солардың бірі – Яндекс Кітаптар сервисі. Қалың кітаптарды өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ, өйткені бүкіл кітапхана – смартфоныңызда. Оқуға да, тыңдауға да ыңғайлы форматта – жолда, үйде, үзілісте немесе кезекте, кез келген уақытта қолжетімді.

Биыл Яндекс Кітаптар қазақстандықтарды мерекемен ерекше құттықтады. Алматы қаласында кітап сөресіне ұқсатып жасалған арт-инсталляциялар пайда болды. Оларды көптеген орындардан көруге болады: саябақтарда, көшеде, тіпті шолу дөңгелегінде! Бұл инсталляциялар – оқуға деген ниет болса, кітапқа әрқашан орын табылады дегенді еске салатын сияқты.
Сонымен қатар, мерекеге орай сервис қазақстандық авторлардың жаңа туындылары мен бестселлерлерін қамтыған сөре дайындады. Соңғы уақытта отандық жазушылардың түрлі тақырыпта – feel good жанрынан бастап тарихи проза мен тұлғалық даму бағытындағы кітаптары жиі жарық көруде. Бұл шығармалар Яндекс Плюс жазылымы арқылы оқырманға жақындай түсті. Мұнда Тимур Нигматуллиннің «1916. Волчий кош»романы, Мария Омардың «Мёд и немного полыни» атты отбасылық сагасы, Унзила Мынбайдың «Женщины моего дома»әңгімелер жинағы, Айгүл Клиновскаяның «Дата С. Когда жизнь начинается заново» атты тәрбиелік романы және басқа да авторлардың еңбектері бар.

Сондай-ақ, сервисте тағы бір «Музыканттар не оқиды?» деген қызықты сөре пайда болды. Мұнда қазақстандық орындаушылар өздері оқитын кітаптармен бөліскен. Егер сізге NAZИMA, Ninety One, Мирас Жүгінісов, Jaman T, CAPTOWN, Yenlik немесе ORYNKHAN сынды өнерпаздар не оқитыны қызық болса – қосымшаға кіріп, арнайы сөрені қарап көріңіз.
Ұлттық кітап күні – жай ғана ресми күн емес. Бұл – кітаптың маңыздылығы интернет дәуірінде де жойылмағанын еске салу. Кітап оқу – айналаңды жақсырақ түсінуге, ойды жаттықтыруға және шабыт алуға көмектеседі. Ал жақсы кітап, әсіресе телефоныңда болса, әрдайым қасыңда.