22.04.2025 Онлайн алаяқтарына алданбау өзіңізге байланысты 33 FacebookVKWhatsAppTelegram Ғаламтор алаяқтарының жолын кесу әлемдік мәселеге айналып отыр. Олар барлық уақытта белсенді, қарапайым халықтан пайда табу үшін түрлі айлар-тәсілге барады. Соның салдарынан зардап шеккендер саны азаймай отыр. Бұл өз кезегінде сотқа түсетін істердің санын арттыруда. Ең танымал алдау схемалары телефон қоңырауларымен байланысты болып отыр. Алаяқтар азаматтарға банктер, құқық қорғау, байланыс бөлімдері, салық, т.б. басқа органдардың атынан қоңырау шалып, құпия деректерді алуға тырысады. Алаяқтыққа ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген. Яғни, алаяқтық жасағандарға қылмысына орай мүлкі тәркіленіп, бір мың айлықесептiк көрсеткiшке (АЕК) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, осы мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, сондай-ақ, сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазалары қолданылады. Ал ақпараттық жүйені пайдалану арқылы алдау немесе оның сенімін теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденгендер мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айрылады немесе төрт мың АЕК-қа дейiн айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдарды пайдаланған алаяқтар жәбірленушілердің сеніміне кіріп, несиені өздеріне рәсімдетеді. Алаяқтың арбауына түспеудің жалғыз жолы қарапайым қауіпсіздік шараларын ұдайы сақтау. Солардың бастысы ретінде айтарымыз, азаматтар өздері туралы жеке деректерді, сондай-ақ, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге бермеуі тиіс. Сондай-ақ, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеудің, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жасамаудың да маңызы зор. Ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпау, спам хабарламаларға сенбеу, кез келген сілтемеге өтпеу сынды талаптарды қатаң сақтау алаяқтардан қорғанудың тиімді жолы саналады. Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауында Президент абыройлы азаматтар зардап шегетін алаяқтықпен және соған байланысты құқық бұзушылықтармен күресу үшін шешуші шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Осыған орай, елімізде азаматтарды сақтандыру мақсатында несиеден ерікті түрде бас тарту тетігі заңмен енгізілді. Электронды портал арқылы өзіне шектеу қойғызған адамның атына алаяқтардың ықпалымен несие рәсімделген жағдайда ол соттың шешімімен міндетті түрде есептен шығарылады. Кез келген қылмыс жазасыз қалмайды, дегенмен, ғаламтор алаяқтарының жолына тосқауыл қою, яғни, алданбау әрбір адамның өз іс-әрекетіне тікелей байланысты екенін есте ұстаған абзал. Дінасыл Жанатқызы, Түрксіб аудандық сотының судьясы Алматы қаласы Жаңалықтар | Новости Жеке сот орындаушылардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері 30.09.2025 0 Жеке сот орындаушыларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне және актілеріне дау... Жаңалықтар | Новости Мемлекеттік тілді дамыту – елдік мәселе 30.09.2025 0 Ұлттың ұлт болып ұйысуы мен елдің өсіп-өркендеуінде, татулық пен... Жаңалықтар | Новости Права государственных служащих – приоритетное направление 30.09.2025 0 С первых дней Независимости Казахстан уделяет особое внимание формированию... Жаңалықтар | Новости Биыл Ата Заңымызға — 30 жыл! 30.09.2025 0 Биыл еліміздің Ата заңының қабылданғанына – 30 жыл. Еліміздің... Жаңалықтар | Новости Неоправданные риски 30.09.2025 0 По данным акимата ВосточноКазахстанской области, в прошлом году за...