Абай Құнанбайұлы – қазақтың кемеңгер ұстазы, терең ойшыл хәм пәлсапасының көкжиегі. Оның шағырмаларында тіл тазалығы, әділдік, парасаттылық, ел болашағына алаңдаушылық сияқты құндылықтар көрініс тапқан. Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін арттыру, сот жүйесінде әділдікті қамтамасыз ету бағытында келелі реформалар жүргізілуде. Бұл да бір Абай арманының барлығы болмаса да бірінің орындалғаны шығар..
Абай және әділет ұғымдарды қалай түсінуге болады?
Абай үшін әділет – ең басты адамдық қасиет.
«Біріңді, қазақ, бірің дос,
көрмесең істің бәрі бос.
Малыңды жауға,
Басыңды дауға
Қор қылма, қорға, татулас» деп, ол қазақ елі азаматтарының арасында татулық пен әділдіктің болуы керектігіне зор үлесін қосты. Абайдың «Қара сөздерінде» де билік пен әділ төреліктің шынайы келбеті сөз етіледі. Бұл – қазіргі сот жүйесіне тікелей байланысты.
Қазақ тілі – сот төрелігінің тілі болуы керек.
Соңғы жылдары Қазақстанда сот процесстерінде қазақ тілінің қолдануы — маңызды мәселеге айналады. Абайдың «Өнер алды – қызыл тіл» деген ұстанымы қазіргі заманда да өзектілігін жоғалтпай отыр. Мемлекеттік тілдің сот жүйесінде кеңінен қолданылуы – халыққа әділдік жақындауының нақты көрінісі.
Қазіргі таңда электрондық сот жүйесінде, іс жүргізуде және сот құжаттарында қазақ тілінің үлесі артып келеді. Бұл бағытта тілдік стандарттар, аудармашы мамандары даярлау және заңнамалық құжаттарды қазақша сапалы жазу бойынша жұмыстар жалғасын табуда.
Сот реформалары және рухани жаңғыру.
Мемлекетімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге асырылып, сот жүйесінің ашықтығы мен әділдігі артып келеді. Абайдың «Егер заң дұрыс болмаса, халықтан не талап етуге болады?» деген ойы сот реформаларына да бағыт бағдар көресете алады.
Абайдың өнегесі мен мұрасы – мәңгілік. Оның әділет пен парасат туралы ойлары тек әдеби мұра ғана емес, қазіргі қоғам мен мемлекеттік институттардың дамуына бағыт беретін құндылықтар жиынтығы. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, әлем бойынша ең бай тілдердің бірі болып саналады, ал сот әділдігі – елдің тірегі. Осы екеуінің сабақтастығы – Абай арман еткен мәдениетті қоғамға бастар жол.

Әшірбекова Шырайлым Нұрғалиқызы
Астана қаласының азаматтық
істер жөніндегі ауданаралық сотының
бас маманы