12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жеке тұлғаларды банкрот деп танудың тәртібі

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заңы 2023 жылы 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізілгені белгілі. Қарапайым азаматтарды қаржылық, тұрмыстық, әлеуметтік қиындықтан шығарудың мүмкіндігі болып табылатын бұл заңның қоғамдағы орны бөлек. Бұл құжатты халықтық заң деуге әбден негіз бар.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше республикада 2023 жылы – 77 380 адам, 2024 жылы – 83 057 адам, 2025 жылдың үш айында – 37 746 адам банкрот деп тану туралы өтініш берген. Соның ішінде сотқа дейінгі банкроттық процедурасына сай республика бойынша 2023 жылы – 8 255, 2024 жылы – 11 533, 2025 жылдың үш айында 2 366 азамат банкрот деп танылды. 

Осы статистикалық деректе көрсетілгендей сот банкроттығы бойынша 2023 жылы тек 1 азамат банкрот деп танылған, 2024 жылы – 135, 2025 жылдың өткен мерзімінде – 23 адам банкрот болды. Ал қаржылық қабілетсіздікті қалпына келтіру мүмкіндігін 2023 жылы 1 азамат қолданса, 2024 жылы – 13, 2025 жылдың 3 айында – 17 адам қолданған.

Мемлекеттік кірістер департаменті ұсынған бұл деректер соттарға банкроттық бойынша жүгінетіндердің көптігін, әрі олардың басым бөлігінің талабы қанағаттандырылатынын байқауға болады. Яғни, елімізде төлем қабылетін жақсартуды, қаржылық ахуалын түзеуді көздеген азаматтардың заңдық тұрғыдан көмек алуына мүмкіндік жасалған. Ал бұған дейін банктер мен қаржы ұйымдары ғана мұндай игілікті пайдаланып келген еді. заңнамалардың қабылданғаны белгілі. 

Бүгінгідей нарықтық заманда қаржылық сауатының кемдігінен, құқықтық білімінің төмендігінен, сондай-ақ әлеуметтік ахуалының нашарлығынан несие, қарыз алып, оны қайтаруға шамасы келмей, тығырыққа тірелетін жандар арамызда аз емес. Бірақ солардың көпшілігі мемлекеттің бұл мәселеге назар аударып, борышкерлерді қаржылық қиындықтан шығарудың заңдық механизмін жасағанын біле бермейді. Сондықтан, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заңының артықшылығы мен жаңашылдықтарын таныстыру, түсіндіру бағытындағы жұмыстар тоқтамауы керек.

Осы заңға сәйкес азаматтар үш түрлі әдіспен өз құқығын қорғап,  жеңілдік ала алады. Олар – соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі. Бұл жерде бір атап өтерлік жағдай – осы үш рәсімнің қай түрін таңдаса да, арызды тек қарыз алушы ғана жаза алады. Қанша жерден жақыны болса да, қарыз алушының атынан басқа адамдардың банкрот деп тануға өтініш беруге құқығы жоқ. 

         Заң қолданысқа енген екі жылдың ішінде сотта бірыңғай тәжірибе қалыптасып үлгерді. Осы тәжірибені көпшілікпен бөлісу кезек күттірмейді. Айталық, соттан тыс банкроттық кезіндегі негізгі шарт – қарыз алушы-жеке тұлғаның банктер, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер алдындағы берешегі 1600 АЕК-тен аспауы керек. Яғни, 2025 жылы айлық есептік көрсеткіш көдемі 3932 теңге екенін ескерсек, берешегі 6 291 200 теңгеден төмендер ғана соттан тыс банкроттық өтініш бере алады. Мұндай қарызы бар азаматтардың атында меншігі, мүлкі болмауы керек. Сондай-ақ өтініш берілген күнге дейін қатарынан 12 ай ішінде ол кредиторлардың, коллекторлардың алдындағы қарызы бойынша төлем жасамауы шарт.  

Ал сот арқылы банкроттықты қолдану кезінде арыз бергендердің қарызы 1600 АЕК-тен (6 291 200 теңге) жоғары болуы міндеттеледі. Бұл жерде де азаматтардың 12 ай ішінде борышкерлік міндетін өтей алмағанына, қаржылық тұрғыдан қиналып жүргеніне назар аударылады. 

Дегенмен банкроттықтың теріс салдары барын да қаперден шығармау керек. Айталық сот банкрот деп таныған жандарға 5 жыл бойы ешбір банк, қаржы ұйымы тарапынан қарыз берілмейді. 3 жыл бойы елден шығуға шектеу қойылады. Сот арқылы банкроттық барысында борышкердің мүлкі сауда-саттық кезінде сатылады. 

Міне, құқығының тапталмауын ойлаған азаматтар осы мәселелерге жіті көңіл бөлгені жөн. 

Абимұрат Ғалия Маратовна,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Французский язык и культура в образовательных программах КазНУ имени аль-Фараби: интеграция и инновации

Изучение французского языка открывает перед студентами широкие перспективы в...

ҚазҰУ-да тұрақты даму мақсаттарының жүзеге асырылуы

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемдік деңгейде жоғары сапалы...

ҚазҰУ-дың «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтарды қалыптастыру аясындағы іс-шаралары»

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өзінің білім беру және...

Алматы қаласы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өтті

2025 жылғы 28 наурызында Алматы қаласында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті...

По законам «стаи»

СОБЫТИЯ, СВЯЗАННЫЕ С ДЕТСКИМ НАСИЛИЕМ, ПРИНИМАЮТ ФОРМУ И МАСШТАБЫ...