Наурыз мерекесіне орай футбол турнирі өтті


22-23 наурыз күндері ARDA TEAM командасы Riviera International School by Quantum және Copa.kz спорт дүкенінің қолдауымен 2015-2016 жылы туған жасөспірімдер арасында Наурыз мерекесіне орай футбол турнирін ұйымдастырды.
Турнирге қала мен облыстың алты футбол мектебінен сегіз команда, 96 жас футболшы және 8 жаттықтырушы қатысты.

Турнирге қатысқан барлық командалар грамоталар мен медальдарға ие болды, ал жеңімпаздар кубоктар, медальдар, сертификаттар және демеушілерден арнайы сыйлықтармен марапатталды.

  • Бұл шара балалар мен жасөспірімдер футболын дамытып, қолдауды, футбол клубтары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуды, жас спортшылардың шеберлігін арттырып, тәжірибе жинақтауына мүмкіндік беруді мақсат етеді. Сонымен қатар жеткіншектердің футболға деген қызығушылығын арттырып, олардың шеберлігін шыңдауға және достық қарым-қатынасты нығайтуға үлкен үлес қосты, — дейді жарысты ұйымдастырушылар.

Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

         Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады. Съезд жұмысына партия...

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 16 текше метр тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгу фактісі анықталды

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында полиция қызметкерлері рейдтік-профилактикалық...

Қауіпсіз жаз: полиция жазғы лагерьде қауіпсіздік сабағын өткізуде

Түркістан облысының полицейлері мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде демалып...