spot_img
spot_img

Мұра белгіленген тәртіпте қабылдануы тиіс

Конституцияға сай, Қазақстан азаматтары заңды түрде алған мүліктерін жеке меншігінде ұстай алады. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік берілген. Қоғамымызда мұра, мұрагерлік туралы даулар аз емес. Оның бәрі көп жағдайда заң білмеушіліктен туындап жатады. Сондықтан, мақалада мұра, мұрагерлік тақырыбына тоқталамыз.  Мұра азаматтың қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялаған кезде ашылады. Ал өмірден өткен адам дүние-мүлкінің мұрагерге ауысуы мұрагерлік саналады. Егер қайтыс болған адам өсиет қалдырмаса, онда мұра заң бойынша қабылданады. Мүліктің бір бөлігі өсиетпен қалдырылса, оны қорғап, басқару Азаматтық кодекс талабымен орындаушыға міндеттеледі.

Мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алған мұрагер оны сот арқылы қалпына келтіруге құқылы. Мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру және мұрагерді мұраны қабылдаған деп тану туралы арыздар заңмен белгіленген уақыттың өтуіне қарамастан  қабылданады. Мұндай арыз мұрагерлік мүліктің немесе оның негізгі бөлігі орналасқан жердегі сотта басқа мұрагерлердің қатысуымен қаралады. Басқа мұрагер болмаса іске осы жердегі коммуналдық меншікті басқаратын өкілетті орган тартылады.  Себебі, мұрагері жоқ мүлік иесіз ретінде танылып, коммуналдық меншікке өтеді. Нотариус мұра алу құқығы туралы куәлікті сот шешімінің негізінде береді.

Мұрагер мұрагерліктен бас тартуға құқылы. Бұл заңдылық ҚР Азаматтық кодексінің 1074-бабымен реттелген. Соған сай, мұрагер мұра ашылған  алты ай ішінде өзінің мұрадан бас тартатыны туралы мұрагерлік ашылған жердегі нотариусқа арыз береді. Дәлелдi себептер болған жағдайда бұл мерзім сотпен екі айға ұзартылуы мүмкін. Мұрадан бас тартудың күшiн жоюға немесе қайтарып алуға болмайды.

Бұл мәселеде кәмелеттік жасқа толмағандардың заңды өкілдерінен, сондай-ақ әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың қорғаншыларынан сенімхат талап етілмейді, бірақ, мұрадан бас тартуда қорғаншылық және қамқоршылық органының рұқсаты қажет. Яғни, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексте көрсетілгендей,  қорғаншылық және қамқоршылық органдары 14 пен 18 жас аралығындағылар, сондай-ақ, сот шешімі бойынша әрекет ету қабілетті шектеулі адамдар қорғаншыларының рұқсатымен ғана мұрагерліктен бас тарта алады. 

Нотариат туралы заңда мұрагерліктен бас тартудың екі түрі, абсолютті немесе басқа тұлғалардың пайдасына шешілуі мүмкін (бағытталған бас тарту) бекітілген.  Мұрагерліктен ескертулер мен шарттарға байланысты бас тартуға жол берілмейді. Мұрагерліктің бір бөлігінен бас тартқан мұрагер бүкіл мұрадан бас тартқан болып есептеледі. Мұраның құрамына мүлікпенбірге, ол қайтыс болғаннан кейін де тоқтатылмайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.Белгіленген тәртіппен қабылданған мұра мұрагерге тиесілі болады. Мұрагерлікке қатысты даулар қарауда мұра ашылған уақытта қолданыста болған заңдар басшылыққа алынады. 

Асқар Оспанбеков,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Дербес кассациялық соттар жұмысын бастайтын кез жақын

Сот саласындағы реформалар үздіксіз жалғасуда. Биылғы жыл қазақстандық сотта...

Жаңадан ашылғанмән-жайлар сот актісін қайта қарауға негіз болады

Сот реформалары заң үстемдігін қамтамасыз етуге  бағытталған. Сондықтан, жұртшылық өз...

Әділдіктің тірегі —  кәсіби біліктілік

Уақыт ағымына орай заман талабы ма бүгінгі таңда соттарға...

Сот төрелігінің маңызды бағыты – бітімгершілік

Құқықтық мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі – дауларды әділ, тиімді...

Эксаумақтық соттылық дамуда

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Заң үстемдігі орнықпаса,...