Наурызнама мерекесі — Алматы қаласындағы балалар колониясында аталып өтті

Алматы қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесіндегі жазалы жасөспірімдер арасында ерекше Наурыз мейрамы  аталып өтті. Наурызнама онкүндігі аясында мекеме аумағында мерекелік шаралар жүзеге асырылды. Мекеме ішіндегі мектеп ұстаздары оқушыларға Көрісу күні, Қайырымдылық күні және Ұлттық киімдер күні сияқты атаулы күндерді насихаттап, салт-дәстүрімізді ерекше дәріптеді. Слайдтар, әр түрлі көрнекті құралдар мен  материалдар арқылы ұлтымыздың қайта жаңғырып жатқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерімен мәліметер беріп, насихатталды.

Мекеме қызметкерлері және тәрбиеші мамандардың жетекшілігімен жазалы балалар Жаңару күнінде ағаштардың түбін қопсытып, айналаны тазалап, Ұлттық ойындар күнінде спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Бүгінгі наурыз салтанатында Жамбыл атындағы қалалық жасөпірімдер кітапханасының қызметкерлері мен арнайы қонақ болып келген өнерпаздар жазалы жасөспірімдерге ән шашу және кітаптар көрмесі, ойындар арқылы ерекше көңіл күй сыйлады. Салтанатты мерекенің өз деңгейінде өтуіне атсалысқан Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлеріне мекеме бастығы әділет полковнигі Сулейменов Алмат Битимбекович алғыс білдірді.  Іс шара       соңында Жамбыл атындағы қалалық кітапхана қызметкерлері жасөспірімдерге алғыс хаттар мен кітаптар сыйға тарту етті.

№11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

ПЕРЕДВИЖНЫЕ МЕДИЦИНСКИЕ КОМПЛЕКСЫ ПРОВОДЯТ ОБСЛЕДОВАНИЕ ЖИТЕЛЕЙ ЕНБЕКШИКАЗАХСКОГО РАЙОНА

Два передвижных медицинских комплекса (ПМК) Алматинской региональной многопрофильной клиники...

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ТЕКСЕРУДЕ

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының екі жылжымалы медициналық кешені осы...

«Тәуелділік – үкім емес»: Алматы облысында тәуелділіктен арылуға қалай көмектеседі?

Наркотикалық және алкогольдік тәуелділік – адамның денсаулығына ғана емес,...