Абай облысында №21 мекемесінде Наурызнамаға орай шаралар өтті

Абай облысында №21 мекемесінде Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған бұл он күндік шара сотталғандар үшін ерекше рухани қолдау әрі ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге мүмкіндік екені көрініп тұр. Әсіресе, Көрісу күні, Қайырымдылық күні, Ұлттық киімдер күні, Отбасы күні, Жанару күні секілді шаралардың өткізілуі сотталғандардың қоғаммен байланысын нығайтып, рухани және мәдени құндылықтарды жандандыруға үлес қосады. Көрісу күніне сотталған Қ-ның жұбайы келіп , махаббатқа , сағынышқа толы кездесу өтті.

Қайырымдылық күніне Сотталған аналардың шала туған нәрестелерге жылы байпақ тоқып беруі – олардың жүрегіндегі мейірімділіктің көрінісі. Сондай-ақ, ұлттық салт -дәстүрді дәріптеу мақсаттында сотталған азаматшаның баласының тұсау кесу рәсімі өткізілуі ерекше мәнге ие. Бұл – болашаққа сенім мен үміттің символы. «Шаңырақ» отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында екі сотталған азаматтар үйленуге ұсыныс жасалып, өзі тағдырын, махаббатын осы 21мекемесінде кездестіріп тапқаннына қуанышы шексіз.

Жанару күніне ағаш отырғызу, Ұлттық спорт күніне арқан тарту, өнер сайыстары да моральдық-рухани тұрғыда оң өзгерістерге жол ашады. Осындай іс-шаралар сотталған жандардың қайта әлеуметтенуіне, өмірге деген көзқарасын өзгертуіне ықпал етеді.

Бұл шаралардың ұйымдастырылуына атсалысқан барша жанға алғыс білдіруге болады. Мұндай бастамалар сотталғандардың қоғамға қайта бейімделуіне зор әсер етеді.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...