АБАЙ – БІРТҰТАС ӘЛЕМ

Биыл ұлы ақын – Абайдың туғанына 180 жыл. Ақынның халқына қалдырған мұрасы мол. Ел ішіндегі әр алуан әкімшілік-құқықтық реформаларға белсене араласқан біртуар жан ұлтқа жанашырлықтың тамаша үлгісін көрсетті. Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу біздің борышымыз.

Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырады. Өзінің кейбір замандастарының бойындағы жаман қасиеттерді – жалқаулықты, көрсеқызарлық пен алауыздықты, надандықты сынады.

Ұлтты құрайтын халықтың әр адамының ұлтқа қарсы айтылған кез келген кемсітушілікті және іс-әрекетті өзіне бағытталғандай қабылдауы – ұлттық намыс болып табылады. Ұлы Абайдың жан дүниесінде пайда болған бұл сезімді: «… Осы күнгілер өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай сол аталарымыздың екі ғана тәуір мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік. Сол екі мінез жоқ болған соң, үйренген өнеріміздің бәрі адамшылыққа ұқсамай, шайтандыққа тартып барады. Жұрттықтан кетіп бара жатқанымыздың үлкен бір себебі сол», – деген жолдары байқатады.

Әлемде өз билігі өзінде болғанын қаламайтын бір де бір халық жоқ. Ұлттық сана-сезім мен ана тілі егіздің сыңарындай біртұтас. Әр қазақта бұл сезімнің қалыптасуы өз ұлтына деген құрметтің көрсеткіші. Ұлтын жоғалтқан әр қазақ рухани дағдарысқа ұшырап, өмірінің соңы бақытсыздыққа айналатынына Абай сенімді болды. Оның бүкіл өлеңдері, қара сөздері азаттықтың жыры. Абай – біртұтас әлем! Шынымен, Абай атамыздың мұрасында ғылым да, мәдениет те, дін де жатыр. Біз үшін бұл рухани азық.

М.КУСМАНОВА

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...