ЕҰУ QS Stars жүйесінде ең жоғары баға – 5 жұлдыз иеленді

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жоғары білім беру саласындағы көшбасшы оқу орындарының бірі ретіндегі мәртебесін тағы да дәлелдеді. QS Stars халықаралық аудитінің нәтижесі бойынша университетке ең жоғары баға – 5 жұлдыз (5 QS Stars) берілді.

Айта кету керек, 2022–2025 жылдар аралығында ЕҰУ тұрақты түрде 4 жұлдыздық рейтинг деңгейін сақтап келді. Ал биыл қол жеткізілген 5 жұлдыздық нәтиже университеттің білім беру және қызмет көрсету сапасының халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетінін көрсетті. Бұл жетістік жаңартылып, талаптары күшейтілген QS Stars әдістемесі аясында қол жеткізілгенімен ерекшеленеді.

QS Stars аудитінің қорытындысы бойынша ЕҰУ бірнеше негізгі бағыт бойынша ең жоғары бағаларға ие болды.

«Оқыту» санатында сарапшылар білім беру үдерісінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, оқытушылар мен студенттер арасындағы тиімді өзара байланысты, академиялық үлгерім көрсеткіштерін және кеңейтілген академиялық қолдау жүйесін жоғары бағалады.

«Түлектерді жұмысқа орналастыру» бағыты бойынша университет түлектерінің еңбек нарығындағы жоғары сұранысы, мансаптық қолдау тетіктерінің тиімділігі және жұмыс берушілер арасындағы оң беделі ерекше атап өтілді.

«Халықаралық ынтымақтастық» көрсеткіші де ең жоғары бағалардың біріне ие болды. Сарапшылар академиялық ұтқырлықтың кең мүмкіндіктерін, шетелдік студенттер мен оқытушылардың үлесін, сондай-ақ халықаралық серіктестіктер мен жаһандық ғылыми жобаларға қатысу деңгейін жоғары бағалады.

«Инфрақұрылым» санатында заманауи оқу кеңістіктері, кітапхана қоры, спорттық нысандар, студенттік жатақханалар және медициналық қызметтердің сапасы білім алушылар үшін қолайлы жағдай қалыптастыратыны атап өтілді.

Университет «Жақсы басқару» бағыты бойынша да жоғары нәтижелер көрсетті. Халықаралық сарапшылар басқару жүйесінің тиімділігін, стратегиялық жоспарлау сапасын, ішкі процестердің үйлесімділігін және білім сапасын қамтамасыз ету тетіктерін жоғары бағалады.

Сонымен қатар, «Қоршаған ортаға әсер» бағыты бойынша да ең жоғары баға берілді. Университет тұрақты даму қағидаттарын жүйелі түрде жүзеге асырып, экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми зерттеулер мен білім беру бастамаларын қолдап келеді.

Жаңартылған QS Stars әдістемесі аясында ЕҰУ «Академиялық даму», «Пәндік рейтинг»және «Әртүрлілік, теңдік және инклюзия» бағыттары бойынша да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Аталған нәтижелер ЕҰУ-дың халықаралық беделін одан әрі нығайтуға және болашақта дамудың зор әлеуетіне ие екенін көрсетеді. 

Қауіпсіз жаз: полиция жазғы лагерьде қауіпсіздік сабағын өткізуде

Түркістан облысының полицейлері мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде демалып...

ЕНУ получил высшую оценку QS Stars — 5 звезд

Евразийский национальный университет им. Л. Н. Гумилева совершил исторический...

Казахмыс инвестирует в Ұлытау: Руслан Өскенәлі проверил ход строительства социальных объектов

Председатель Правления ТОО «Корпорация Казахмыс» Руслан Өскенәлі в ходе...

Разъяснение по результатам анализа судебной практики в сфере земельных отношений города Алматы

Департаментом Агентства РК по делам государственной службы по г.Алматы...

Медиацияның басты мақсаты – бітімгершілік

Қазіргі қоғамда дау-дамайларды сотқа жеткізбей, тараптардың өзара келісімге келуі...