12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЧИЛИЛІК КОМПАНИЯ ЗАУЫТ САЛАТЫН БОЛДЫ 

KAZ Minerals тобы мен чилилік ME Elecmetal компаниясы арасында Астанада оффтейк-келісімшартқа қол қойылды. Келісім бойынша шетелдік компания Талдықорғанда ұсақтау шарларын өндіретін зауыт салу міндеттемелерін мойнына алады.

2028 жылы іске қосу жоспарланған өндіріс орны жылына 150 мың тонна ұсақтау шарын өндіруге қауқарлы болмақ. Инвестициялардың жалпы көлемі – 85 млн долларды құрайды. Жоба жүзеге асқанда 100-ге жуық адам жұмыспен қамтамасыз етіліп, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға және мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтуға ықпал етеді.

«KAZ Minerals тобы әрқашан ел басшылығының индустриялық саясатына сәйкес келетін өндірістік циклдің барынша тиімділігіне бағытталған үздік шешімдерді енгізуге ұмтылады. Сапалы ұсақтау шарларын пайдалану тау-кен байыту кешендерінің өнімділігіне әсер ететін негізгі фактор. 2023 жылы біз әртүрлі жеткізушілердің өнім үлгілерін олардың сипаттамаларын бұрын қолданылған материалдармен салыстыра отырып, ауқымды сынақтан өткіздік.

Бағалаудың негізгі критерийлері шарларды тұтыну, ұнтақталған кен-нің бір тоннасына энергия тұтыну, шарлардың бөлінуіне байланысты өндіріс аялдамаларын азайту және әрине, металл өндіруді арттыру бол- ды.

Сынақ нәтижелері бойынша ME Elecmetal өнімдері жиынтық құны бойынша ең жақсы нәтиже- лер көрсетіп, осы компаниямен ынтымақтастықты стратегиялық маңызды қадамға айналдырды», – дейді «KAZ Minerals Management» ЖШС басқарма төрағасы Эльдар Мамедов. Оның айтуынша, Тал- дықорғандағы жаңа зауыт KAZ Minerals тобын ең жоғары сапалы ұсақтау шарларымен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар қазақстандық өнеркәсіптің дамуы- на үлес қосып, озық тәжірибе мен технологияларды беруге ықпал етеді. Сол себепті, оффтейк-келісім-

7

шартқа қол қою – бұл жай ғана іскерлік мәміле емес, Қазақстанның тау-кен өндіру саласын дамытуға және оның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған стратегиялық әріптестік.

KAZ Minerals тобы жыл сайын 70 мың тоннаға дейін ұсақтау шарларын тұтынады. Бұл 100 млн доларға тең. Ұсақтау шарларының топ бюджетіндегі үлес салмағы 10% құрап, кен өңдеу процесінде маңызды рөл атқарады. Қазақстанда осындай сападағы ұсақтау шарларының болмауына байланысты қазіргі уақытта ол саладағы халықаралық көшбасшы ME Elecmetal компаниясының өнімдерін пайдаланады.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

Абай тойының интеллектуалды шымылдығы – «Abai akademiasy»

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар...

Мойынқұмда табиғатты сүю – тәрбие бастауына айналды

Жасыл желекке оранған табиғат — адамзаттың алтын бесігі. Ал...

ПАТРИОТИЗМ – ҰЛТ ТІРЕГІ

Бүгінгі қоғамда патриотизм ұғымы түрлі мағынада қолданылып жүр. Бірі...

Жетісуда атақты қобызшы Молықбай Байсақұлына алып ескерткіш орнатылмақ

Ақсуда атақты қобызшы Молықбай баба аруағына алып ескерткіш орнатылмақ....