“Ахуалды шұғыл түзету қажет“ — Тоқаев салық төлемейтін кәсіпкерлер туралы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV сессиясында заңнамадағы олқылықтар бизнесті бөлшектеуге жол беріп отырғаны туралы айтты.

«Заңнамадағы олқылықтар бизнесті бөлшектеуге жол беріп отырғанын мойындау керек. Бұл мәселеге Үкімет те, депутаттар да жете мән бермеген.

Тағы да әдемі көрсеткіштерге әуестеніп кеттік: елімізде екі миллионнан астам салық төлеуші, яғни жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар тіркелген деседі. Бірақ олардың қандай кәсіпорындар екеніне, қалай пайда болғанына, қанша салық төлейтініне, тіпті оны төлеп жатыр ма, жоқ па дегенге еш талдау жасалмаған. Бірақ құр кінәлаудан іс оңға баспайды.

Енді ахуалды шұғыл түзету қажет. Үкімет пен Парламентке айтарым – заңнамаға жедел түрде тиісті түзетулерді енгізу керек», — деді Мемлекет басшысы.

Казахстан и Өзбекстан — сравнение по налоговым системам. Кто впереди?

В казахстанском сегменте социальных сетей почему-то любят обсуждать налоги...

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдеріндегі балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасы Конституциялық...

Как представители бизнеса развивают культуру заботы и поддержки института семьи с помощью гор

В последние годы тема социальной ответственности бизнеса в Казахстане...