Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады.

«Құрметті отандастар! Сіздерді әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын! Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз. Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген. Мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндеседі. Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін. Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Айдан аман, жылдан есен болайық!» — деді Президент.

Амал мерекесі туралы

Былтырдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы, яғни Наурызнама онкүндігі бекітілді. Ұлтымыздың ұлттық мейрамын тойлаудың онкүндігі 14 наурыз – Көрісу күнінен басталады.

Осылайша Президент «Амал» мерекесінің маңызына мән беріп, елдік пен ынтымаққа шақыратын бұл мейрам ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі екенін мәлімдеді.

Тойға немесе туған күнге берілетін ақшалай аударымдардан салық төлеу қажет пе? – Кірістер комитеті түсіндірді 

Туған күнге, тойға немесе сыйлық ретінде жасалатын ақшалай аударымдарға салық салынбайды.

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі бірнеше күнге тоқтады

Қазақстанда 23 қазан мен 27 қазан аралығында жылжымайтын мүлік тіркеуге және нысандарды техникалық тексеруге өтініш беру тоқтады.

Қазақстанда мерзімді әскери қызмет екі кезеңге бөлінуі мүмкін

Қазақстанда мерзімді әскери қызметті екі кезеңнен тұратын жүйеге көшіру жоспарланып отыр.

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленді

Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде 2026 жылдың басынан бері 10,8 мың мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты.

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...