ҚБТУ-ды мемлекет меншігіне өткізу мәселесін Жоғарғы сот қарайды

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) мемлекетке қайтарылуына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, мұндай мәселелер бойынша шешім тек сот тәртібімен қабылданады.

«Менің білуімше, бірінші және екінші сот инстанциялары өтті. (…) Соңғы сөз Жоғарғы сотта. Оның шешімін күтуіміз керек. Қазір пікір білдіре алмаймын, өйткені бәрі заң аясында болып жатыр. Тергеу жүріп жатыр және біздің министрліктің бұл процеске ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан сот шешімін күту керек, содан кейін ғана ол қалай орындалатыны туралы пікір білдіре аламыз», — деді Саясат Нұрбек Үкіметтегі брифингте.

Айта кетейік, жуырда ҚБТУ мемлекетке қайтарылды.

ҚБТУ 2001 жылы 3 тамызда Қазақстан Үкіметінің қаулысымен құрылған. Қазақстан тарапынан құрылтайшысы — Үкімет, ал уәкілетті органы — Білім және ғылым министрлігі. Ұлыбритания тарапынан университеттің серіктестері — Ұлыбритания елшілігі мен оның негізгі өкілі ұлыбританиялық кеңес болды.

2003 жылы университет «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының меншігіне өтті, сол кезде компания университеттің жалғыз акционері болған. 2018 жылы жекешелендіру бағдарламасы аясында ҚБТУ Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры қарамағына өтті. Қордың құрылтайшыларының бірі Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева болды.

Айта кетейік, 2023 жылы шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы заңға қол қойды.

ЮНИСЕФ: Әлемде 20 миллион бала жасанды интеллектіні пайдаланады 

Ұйымның бағалауынша, жасанды интеллектінің балалардың когнитивтік дамуына, эмоциялық жағдайына және цифрлық тәуелділіктің қалыптасуына ұзақ мерзімді әсері әлі толық зерттелмеген.

Құрылтай сайлауының ақшасы қайдан алынады? – ОСК жауабы  

Аумақтық сайлау комиссиялары бюджеттік өтінімдер дайындап жатыр.

Алматыда сел қаупі жоқ: ТЖМ тәулік бойы бақылау жүргізуде 

Өзендердің жай-күйі туралы ақпарат нақты уақыт режимінде ахуалдық орталықтарға үздіксіз жеткізіліп отырады.

Венесуэлада жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды 

Республика президентінің міндетін атқарушы Делси Родригестің айтуынша, бұл шешім жер сілкінісі құрбандарының рухына тағзым ету мақсатында қабылданған.

Жаңа Конституция: Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылыққа ресми мәртебе берілді 

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Волонтерлік пен қайырымдылық алғаш рет конституциялық мәртебе алды. Тағы қандай өзгерістер бар?