12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Төлем қабылеттілігін қалпына келтіру тиімді

Бүгінде қазақстандықтар онлайн және офлайн режимде банкроттыққа өтінім беру құқығына ие. Бұл процедураны электронды қолтаңбасы бар азаматтар онлайн режим eGov.kz порталы арқылы жүзеге асырады. Сонымен қатар, олар халыққа қызмет көрсету орталықтарында банкроттыққа өтінім бере алады.  Мұны айтып отырғанымыз, «Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңымен банкрот болып танылудың үш рәсімі бекітілген. Соған орай, азаматтардың осы рәсімдердің бірін, атап айтқанда, соттан тыс, сот арқылы және төлем қабілетін қалпына келтіруді таңдау мүмкіндігі бар.

Бұл мәселеде ескерерлігі, алимент және өзге адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ, қылмыстық құқық бұзушылық бойынша шығындар кешірілмейді. Борышкер соттан тыс банкроттық рәсімді  жеке тұлғалардың банктік қарыз және микрокредит беру туралы шарттары бойынша талап ету құқықтарына ие арнайы қаржылық компаниялар алдындағы міндеттемелерде қолданады.  Қалған қарыз түрлері сот арқылы шешіледі.

Осы аталған рәсімдердің ішінде төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің маңызы зор. Өйткені, соттан тыс, сот арқылы банкроттықтың өзіндік салдарлары бар. Сондықтан, тұрақты табысы бар азаматтарға банкроттықтан гөрі төлем қабілеттілігін сот арқылы қалпына келтіру тиімді болады. Төлем қабылеттілігін қалпына келтірудің басты артықшылығы «банкрот» мәртебесі, сондай-ақ,  қандай да бір шектеулер мен бақылау болмайды.

Қолданыстағы заң талабына сай төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қарыздар бойынша мерзімді өткізу міндеттемелері, мүлкі болмаса да қолданылады. Тек тұрақты табысы болуы қажет. Бұл рәсімнің шарттары сот банкроттығының талаптарымен бірдей, яғни, ол үшін тұрғылықты жері бойынша сотқа төлем қабылеттілігін қалпына келтіру туралы өтінішпен жүгінеді. Кредитормен борышты реттеу туралы құжаттарды ұсыну шарт емес. Өйткені, заңдағы соңғы өзгерістер қосымша мәліметтер мен құжаттарды кредиттік бюроларға жіберуді қаржы ұйымдарына міндеттеді.

Борышкердің мүлкін қаржы басқарушысы бағалайды, соның негізінде берілген қорытынды өтініштің мақұлдануына тікелей ықпал етеді.  Мақұлданған жағдайда сот қаржы басқарушысының қорытындысын қабылдайды. Бұдан кейін қаржы басқарушысы мен борышкер төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің бес жылдық бөліп төлеу жоспарын жасайды. Яғни, жоспарда бес жыл ішінде борышкердің берешегінен құтылуға көмектесетін болжалды кіріс көздері көрсетіледі. Мысалы, борышкерге өз мүлкінің бір бөлігін сатылымға шығаруға немесе үш бөлмелі пәтерін бір-екі бөлмеге айырбастауға тура келуі мүмкін, осы секілді қарызды өтеудің барлық шарасы қарастырылып, жоспары жасалады. Мұндай шаралар борышкерге де, кредиторға да ыңғайлы әрі қолайлы болуы керек.

Қаржы басқарушысы мен борышкер жасаған жоспарға кредиторлар қажетті түзетулерін енгізіп, келіскен жағдайда сот оны бекітеді. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, сондай-ақ, банкроттық кезінде кредиторлар борышкерге шағымдана алмайды. Олар жүргізіліп жатқан процедура барысында пайда болған міндеттемелердің орындалуын ғана талап етуі мүмкін. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкер шетелге шыға алады. Заңмен белгіленген рәсімдер ішінде қарыздан құтылудың ең тиімді әдісі төлем қабылетін қалпына келтіру  арқылы бөліп төлеу екенін білген жөн.

Нұржан Калымжанова,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

ТЕРГЕУ СУДЬЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ АУҚЫМЫ АРТА ТҮСТІ

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне де сәйкес толықтырулар мен өзгерістер...

Банкроттықтың да өз салдары бар

Қазақстан Республикасының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы...

Заман қамын, адам қамын ойлаған сот жүйесі

«Адам қайғысы – заман қайғысы» деп бабаларымыз айтқандай, әрбір...

Судья –әділдік айнасы

Халқымызда «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»...

Кассациялық соттар заң үстемдігін орнатады

Судьялар қауымдастығының  IX съезінде Мемлекет басшысы сот жүйесін одан...