Алматыда ескі көліктерге шектеу қою ұсынылды

Алматыда ескі көліктердің қозғалысын шектеуі мүмкін. Мұндай ұсыныс қаладағы атмосфералық ауаның сапасын жақсарту мәселесіне арналған қоғамдық кеңестің отырысында айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесудің басты тақырыбы – қоғамды ауа сапасын жақсартуға бағытталған шешімдерге тарту болды. Сонымен қатар, қала тұрғындарының экологиялық проблемалар туралы хабардарлығын арттыру және оларды шешу жолдары талқыланған.

2024 жылғы зерттеу деректері бойынша, Алматыдағы ауаны негізгі ластаушы – автокөлік, оның үлесі жалпы шығарындылардың 60 пайызы болады. Жылына 189 мың тонна ластаушы заттардың 112 мың тоннасы автокөліктер, 52 мың тоннасы өнеркәсіптік кәсіпорындар, ал қалған бөлігі жеке үйлер мен шағын бизнестің үлесіне келеді.

Almaty Air Initiative қорының жобалар менеджері Равкат Мұхтаровтың айтуынша, Алматыдағы ластаушы заттардың деңгейі рұқсат етілген нормадан орта есеппен 4,8 есеге жоғары.

Көлік инфрақұрылымы жөніндегі сарапшы Елена Ерзакович қоғамдық көлікті дамыту жұмыстарын күшейту қажеттігін айтты. Атап айтқанда, автобус жолақтарын көбейту және төмен шығарындылы аймақтарын енгізу маңызды. Сондай-ақ, автотұрақ кеңістігін дамыту ауа сапасын жақсартуға ықпал ететінін айтты.

Алматы мәслихатының депутаты Бейбіт Әпсенбетов «ауа мәселесі – өмірлік мәселе» екенін, сондықтан қала билігі қала жолдарындағы ескі көліктердің санын қысқарту бойынша кешенді шараларды шұғыл түрде жүзеге асыруға кірісуі керек екенін айтты.

Отырыстың қорытындысы бойынша мынадай шаралар ұсынылды:

  • Евро 0–4 экологиялық санаттағы автокөліктерді пайдалануды шектей отырып, төмен шығарындылы аймақтарды құру;
  • Қоршаған ортаға әсеріне қарай экологиялық таза аймақтарға кіруге ақы енгізу;
  • Қатты отынмен жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану орындарында су сүзгілерін орнату талаптарын қатаңдату;
  • Жеке тұрғын үйлерді газдандыруды аяқтап, 86 қоғамдық және 12 316 жеке моншаны газға көшіру;
  • Көліктердің техникалық байқау бекеттеріне бақылауды күшейту. Қазіргі уақытта Алматыда 138 техникалық байқау бекеті бар, олардың 80-ге жуығы заң талаптарына сай келмейді.

Сонымен қатар, III және IV санаттағы өнеркәсіптік нысандарға қосымша экологиялық талаптар енгізу ұсынылды.

Қазақстанда 5 мыңнан астам оқушы жұмыс істеп жүр

Министрдің айтуынша, елімізде еңбек қызметіне рұқсат етілген 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің саны 1,7 миллионға жетеді.

Елімізде көмірден газ бен дизель отыны өндірілмек 

Қазіргі уақытта елде көмір химиясы саласындағы үш ірі жоба жүзеге асырылуда.

Ұлттық қор, тегін тамақ және жазғы демалыс: Қазақстан балаларына қандай жағдай жасалған? 

Қазақстанда балалар саны 6,9 миллионнан асты. Мемлекет білім беру, әлеуметтік қолдау, қауіпсіздік және денсаулық сақтау бағыттарында жаңа бастамаларды іске асырып жатыр.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асырыла бастағанын айтып, жас ұрпақты қолдау Әділетті әрі Озық Қазақстанды құру жолындағы негізгі басымдықтардың бірі болып қала беретінін жеткізді.