Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Тұрғын үй құрылысы сұранысты толық өтей алмайды

Министрдің айтуынша, елімізде жыл сайын пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің көлемі артып келеді. Биыл 20,4 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Алайда баспанаға мұқтаж азаматтардың саны да көбейіп отыр.

Ерсайын Нағаспаевтың сөзіне қарағанда, «Отбасы банк» тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың деректерін тұрақты түрде тексеріп, жаңартып отырады. Соған қарамастан, қазір кезекте 870 мың адам бар.

Өкінішке қарай, біз бәрін баспанамен қамтамасыз ететіндей көлемде тұрғын үй салып жатқан жоқпыз, – деді министр.

Әлеуметтік баспананың бір шаршы метрі қанша тұрады?

Сонымен қатар ведомство басшысы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін «Отбасы банк» арқылы бірнеше жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама қарастырылғанын еске салды. Ал әлеуметтік тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа бағасы 335 мың теңгеден аспайды. Мұндай баспананы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар сатып ала алады.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...

Қазақстанда қала халқы өсіп, ауыл тұрғындарының саны азайды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Жыл басынан бері ел тұрғындары 133 707 адамға немесе 0,65% көбейген.