12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Цифрлық технологиялардың мүмкіндігі мол

Мемлекет басшысы «Жалпы, сотты онлайн өткізу жұрттың құқық мәдениетін көтеруге оң әсер етуде. Бұл елімізде заң мен тәртіп қағидатын орнықтыратын тиімді тәсіл» деген  болатын.  Жалпы алғанда сот процестерін цифрландыру сот төрелігінің ашықтығы мен тиімділігін, сондай-ақ, қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың жалпы стратегиясының маңызды бөлігі саналады.

Сот процестерін цифрландыру негізінен электронды сот ісін жүргізу болып табылады. Бүгінде сотқа жүгінушілер талап-арыздарды, өтініштерді, т.б. электронды түрде беріп, өз құқықтарын онлайн түрде қорғауда.  Бұл өз кезегінде істерді қараудың уақыты мен шығындарын қысқартып, елдің кез келген жерінен сот жүйесіне қолжеткізуге жол ашуда.  Сонымен қатар, Қазақстан дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, сот жүйесіне виртуалды платформалар енгізді. Мұндай жаңашылдық іс жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеп, процеске қатысушыларға қолайлылық туғызды.

Қазіргі уақытта танымал цифрлық платформалардың бірі «TrueConf» бағдарламасы. Ол процеске қатысушыларға сот ғимаратына келмей-ақ, нақты уақыт режимінде бейнеконференцбайланыс арқылы сотпен үзіліссіз жауап беруге мүмкіндік жасады. Бұл, әсіресе, шалғай аймақтардағы сотқа қатысушылар үшін тиімді.

Электрондық дәлелдемелерді жинау, сақтау және цифрлық форматта беру істерді қарау процесін жеңілдетіп, олардың бұрмалануына жол бермейді. Сонымен бірге автоматтандыру мен жасанды интеллект сот жүктемесін азайтып, сот шешімдерінің нақтылығын арттырады. Сот процестерін цифрландырудың ең басты артықшылығы — ыңғайлылық пен қолжетімділік, яғни, азаматтар мен заңды тұлғалар сот залына келмей-ақ процеске қатысып, уақыт пен қажетті ресурстарды үнемдейді.

Цифрландыру аясында сот процесінің барлық сатысында ашықтық қамтамасыз етіледі және әрбір сатыдағы процесс бақылауға мүмкіндік беретін электронды жүйеде тіркеледі. Бұған қоса автоматтандыру мен цифрландыру сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің мүмкіндігін барынша төмендетеді, өйткені, жеке және процессуалдық емес байланыстар азаяды.

Сот ісін цифрландыруда кездесетін қиындықтар да жоқ емес, мысалы, оның ішінде киберқауіпсіздікті атап өтуге болады, өйткені, деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кибершабуылдардың алдын алу жүйеге сенімді сақтаудың маңызды аспектілері болып табылады. Сондай-ақ, азаматтардың толықтай қажетті технологиялар мен интернетке қол жеткізе алуы екіталай.  Кейбірі электронды технологияларды қалай пайдалануды білмеуі мүмкін. Мұндай жайттар олардың сотқа электронды форматта жүгіну, қатысу, т.б. әрекеттерінде қолайсыздық тудырары анық. Сондықтан, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану үшін процестің барлық қатысушылары бұл тұрғыдағы білім-біліктерін жетілдірулері қажет.

Сот жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану туралы Еуропалық этика хартиясына қатысушы мемлекеттерге жедел және ашық сот төрелігінің тиімді, жоғары технологиялық жүйесіне ие болу міндеттелген. Хартияда жасанды интеллектті пайдаланудың бес қағидасы, атап айтқандай, адам құқықтарын құрметтеу, кемсітушілікке жол бермеу, сапа мен қауіпсіздік, ашықтық және пайдаланушыларды бақылау, уақыт пен ресурстарды үнемдеу қамтылған. Цифрландыру сот төрелігінің тиімділігін, ашықтығын және қолжетімділігін арттырудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Ол істерді қарауды жеделдетуге, әкімшілік шығындарды азайтуға және сот қызметтерінің сапасын арттыруға ықпал етеді. Дей тұрғанмен, бұл бағдарламаны сәтті жүзеге асыру үшін киберқауіпсіздікті, технологияларға тең қолжетімділікті және процеске қатысушылардың жаңа жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етуді қоса алғанда, бар қиындықты еңсеру қажет. Келешекте сот жүйесін бұдан да жоғары деңгейде жаңғыртуда және мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылын жақсартуда цифрлық технологияларды жан-жақты дамыту талап етіледі.

Қаракөз Қыстауова,

Алмалы аудандық №2 сотының судьясы

Алматы қаласы

Бірқатар мамандар марапатталды

Жақында ғана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі еңбек иелеріне...

Президент сөзі – бар салаға бағдар

Жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдарына...

Cәбиге мейірімін төккен неоанатолог дәрігер марапатталды!

Бірнеше апта бұрын әлеуметтік желіде тараған бейнекөрініс жұртшылықтың жүрегін...

ҚАЖ қызметкерлерінің ұжымдық рухты нығайту жұмысы

Ұжым – ортақ мақсатты көздейтін, бір-біріне қолдау көрсетіп, бірігіп...