Қызылордада мектеп түлектеріне Қостанай академиясына түсу тәртібі түсіндірілді

Қызылорда облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №68 мекемесі бастығының орынбасары, әділет капитаны Мирамбек Ұзақұлы Тұрымбетов пен тәрбие және кадр саясаты тобының инспекторы, әділет капитаны Динара Шахи П.Д. Осипенко атындағы №8 мектеп пен Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мектептің 11-сынып оқушыларына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсу мүмкіндігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында оқушыларға Қостанай академиясына қабылдау тәртібі мен талаптары жан-жақты таныстырылып, оқу орнының жетістіктері мен артықшылықтары туралы айтылды. Академияда білім алудың мүмкіндіктері, оқу үрдісі мен болашақ мамандыққа дайындау жүйесі жөнінде толық ақпарат берілді.

Кездесу барысында оқушылар академияға түсу, оқу бағдарламасы және болашақта қызметке орналасу мүмкіндіктері туралы өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Барлық сұрақтарға сала мамандары тарапынан нақты әрі толыққанды жауаптар берілді.

Осындай үгіт-насихат жұмыстары болашақ құқық қорғау саласының мамандарын даярлауға қызығушылық танытқан түлектер үшін маңызды қадам болып табылады. Алдағы уақытта Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, жас түлектерге кәсіби бағдар беру ісіне белсенді атсалысатын болады.

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...