12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылорда облысында пробация есебіндегі тұлғалармен профилактикалық іс-шара жалғасуда

Қазақстан Республикасы аумағында 2025 жылдың 10-23 ақпан аралығында “Есепте тұрған тұлғалар” атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – пробация есебіндегі сотталғандардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу, олардың тәртібін бақылау және құқықбұзушылықтың алдын алу.

Іс-шара аясында Қызылорда облысында Жергілікті полиция қызметі басқармасының учаскелік полиция пункттерінде пробация есебінде тұрған сотталғандармен профилактикалық сұхбаттар өткізілді. Сонымен қатар, олардың жеке деректерін тіркеу және қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында дактилоскопиялық есепке алу жұмыстары жүргізілді.

Аталған шараға криминалист мамандар Т. Маханбетов пен К. Аманбаев, учаскелік полиция инспекторы О. Жаңабаев, сондай-ақ пробация қызметінің инспекторлары Ж. Исмаилова мен М. Жұмабеков қатысты.

Осындай алдын алу шаралары есепте тұрған азаматтардың құқықтық сауатын арттырып, олардың заң талаптарын сақтауына ықпал етеді. Алдағы уақытта да пробация қызметі құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, профилактикалық жұмыстарды жалғастыратын болады.

Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары...

Облыс прокуратурасының қызметкерлері жаза өтеудегі тұлғалармен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдық...

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...