Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінде ҚАЖ ардагерлері-интернационалист-жауынгерлерді құрметтеу салтанатты рәсімі өтті. Іс–шаралар атаулы күнге-Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 36 жылдығына өтті.
Іс–шараға ҚАЖ ардагерлері : Асқар Жарасбаев, Айтмұхамбет Жақыпов, Ержан Қалмақбаев, Жұмағали Мұсабеков, Құралжан Сармурзин, Естай Умарбеков-соғыс тигелі арқылы өтіп, халықаралық борышын өтеген ардагерлері шақырылды.
ҚАЖ Абай облысы бойынша департаментінің бастығы Абай Ғалымжан Балтабаев құттықтау сөзінде Ауған жауынгерлерін еліміздің тарихындағы айтулы күнімен құттықтап, олардың халықаралық борышын орындауы Отанға қалай қызмет ету керектігінің жарқын үлгісі екенін айтты.
Іс-шараға қатысушылар үшін сол күндердегі оқиғаларға тарихи экскурсия өткізілді. Сондай-ақ, соғыс қимылдары аяқталғаннан кейін 36 жыл өткен соң, біз сол күндердегі оқиғаларды есте сақтауды, қаза тапқандарды еске алуды және халықаралық борышын абыроймен орындаған ардагерлерімізді мақтан тұтамыз.
Іс-шара шақырылған ардагерлерге алғыс хаттарды салтанатты түрде табыстаумен аяқталды. Біздің қызметкерлер үшін Ауғанстандағы соғыс ардагерлері Отанға шынайы қызмет етудің, әскери борышын орындаудың символы болып табылады. Біз ауған жауынгерлеріне халықаралық борышын орындаудағы қаһарман мен батылдығы үшін алғыс айтамыз,-деп бөлісті облыс бойынша ҚАЖД тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы Райгүл Саугабаева.
Бүгінгі таңда Абай облысы бойынша ҚАЖ-ның алты ардагері интернационалист-жауынгерлер болып табылады.


