12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ӘКІМДЕ БОЛУЫ КЕРЕК

Ұлттық қор – бұл болашақ ұрпақты экономикалық дағдарыстардан қорғау үшін құрылған стратегиялық актив. Ол бюджетті қысқа мерзімді толықтыру көзі ретінде емес, дағдарыстарды жеңуге мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді тұрақтылық құралы ретінде жұмыс істеуі керек.

Өкінішке қарай, жыл сайын бюджет тапшылығын азайту үшін Ұлттық қордан алынатын қаржы көлемі ұлғайып бара жатыр. Сонымен қатар сол нысаналы трансферттер мақсатсыз пайдаланатын фактілер де аз емес. Мұның бəрі бюджеттік заңнама негізінде орын алуда. Енді мұндай қаржы шығындарына жол берілмейді деген үміт пайда болды. Парламент Сенатының жалпы отырысында қаралған ҚР Бюджет кодексі мен «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» жəне «Концессиялар туралы», «ҚР заңының күші жойылды деп тану туралы» заңдарға енгізілген «Мемлекеттік қаржыны басқару» атты жаңа бөлімінде қамтылған талаптар осы мақсатты көздейді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен əзірленген Бюджет кодексі халықаралық стандарттар мен қазіргі заманғы сын-қатерлерге сəйкес келетін ашық, тиімді жəне икемді бюджеттеу жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Тұтастай алғанда Бюджет кодексі бюджеттік процесті түбегейлі жеңілдетуге, «бюджетті басқарудан» «нəтижелерді басқаруға» ауысу арқылы бюджет саясатының үлгісін реформалауға, блоктық бюджет элементтерін енгізуге, бюджеттік саясаттың шекті параметрлерін айқындауға жəне фискалдық орталықсыздандыруды күшейтуге бағытталған.

Басшыларға қойылар талап күшейді

Расында да қазіргі уақытта мемлекет активтерін есепке алу тек бюджет шығыстары шеңберінде жүргізіледі. Бұл ретте бюджеттен тыс қомақты бюджет қаражаты пайдаланылады. Олар бюджеттен тыс қорлар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығыстары жəне басқалар. Нəтижесінде мемлекеттің нақты қаржылық мүмкіндіктері көрінбейді, болжау бұрмаланады. Сондықтан кодекстің осы жаңа бөлімінде көрініс тапқан бас желіні əзірлеу қажеттілігі туындады. Онда мемлекеттік қаржының тиісті жай-күйін сақтау үшін белгілі бір құралдар қарастырылған. Олар бюджеттің негізгі параметрлері, мысалы, шығыстардың өсуі, мемлекеттік қарыз тапшылығының деңгейі жəне басқалары мақсатты бағдарларға сəйкес келуі қажеттігі жөніндегі бюджеттік ережелер. Олардың негізінде енді Ұлттық қор қаражатын қазақстандық эмитенттердің ішкі қаржы құралдарына инвестициялауына, бюджеттің ағымдағы шығыстарын қаржыландыруға тыйым салынды. Ұлттық қордан нысаналы трансферт есебінен шығыстарды қаржыландыруға қойылатын талаптар күшейтіліп, нысаналы трансфертті мақсатсыз пайдаланғаны үшін мемлекеттік органның бірінші басшысының жауапкершілігі бекітілді.

Қаржылық дербестікті қамтамасыз ету ма­ңызды

Талқылау кезінде сенаторлар заңдарды концептуалды түрде қолдап, оларға бірқатар ұсыныстар енгізді. Нақты айтқанда, палата депутаттары енгізген түзетулердің бірқатары өңірлерді дамытуға жəне қаржылық дербестікті қамтамасыз етуге арналған. Мəселен, ауылдық жерлерде жайылымдардың тозып, шөлейттенуіне байланысты олардың тапшылығының артып келе жатқанын ескере отырып, сенатор лар жайылымдық инфрақұрылым нысандарын дамыту мен реконструкциялауға қаражатты аудандық жəне ауылдық бюджеттердің шығыс тарына жатқызуды ұсынды. Өйткені бұл функциялар «Жайылымдар туралы» салалық заңда көзделген. Сенаторлар енгізген тағы бір жаңалық қаржыландыру мəселелерінде аналитикалық тəсілді күшейтуге қатысты болды. Бұл мониторингтеуді, шығыстардың тиімділігін бағалауды жəне мемлекеттік аудиттің қатысуын білдіреді. Қолданылатын салық жеңілдіктерінің тиімділігін объективті бағалау үшін сенаторлар талдамалық есепті қалыптастыру кезінде Қаржы министрлігіне салық төлеушілер қолданған салық жеңілдіктерінің көлемі туралы мəліметтер беруді ұсынды. Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша аумақтылығына қарай белгілі бір шектеулер белгіленбейтін болды. Су тасқынының салдарымен күресу жəне жойқын су тасқыны жағдайында міндеттерді жедел шешу мақсатымен республикалық бюджет шығыстарында су қоймаларын, каналдар мен гидротехникалық нысандарды дамытуға мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыздар бойынша шығыстарды субсидиялауды көздеу ұсынылады. Осыған орай сенаторлар Су кодексі шеңберінде уəкілетті органның құзыретін аталған бағыттар бойынша жобаларды іске асыру үшін субсидиялау жəне бюджеттен субсидиялар төлеу қағидаларын əзірлеу əрі бекіту құқығымен толықтыруды ұсынды. 

Білім саласына бақылау керек

Сенаторлардың айтуына қарағанда, олардың барлық ұсыныстары қабылданбаған сияқты. Мəселен, сенатор Əли Бектаевтың айтуынша, Бюджет кодексі жобасында корпоративтік жəне жеке табыс салықтарын аудандық деңгейге беру көзделіп отыр. Бұл сөзсіз дұрыс шешім жəне билікті орталықсыздандыру жолында маңызды қадам. Өйткені, қала жəне аудан əкімдерінің шағын жəне орта бизнесті дамытуға, салық базасын өсіруге ынтасын арттырады. Алайда, облыстық бюджеттерден барлығы 730 млрд теңгеге кемитін болады. Əрине, бұл оларға əжептеуір салмақ түсіретіні белгілі. Сондықтан сенаторлар білім беру ұйымдарының қаржылық-шаруашылық шығындарын аудандық деңгейге беруді ұсынды. Өйткені, көптеген аймақтарда білім беру саласына бөлінетін қаржы бюджеттің үлкен бөлігін құрайды. Өкінішке орай, Үкімет бұл ұсынысты қолдамады, себебі бірнеше өңірде бұл бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр, соның нəтижелері бойынша шешім қабылданатын көрінеді. Бұған дейін ондаған жылдар бойы білім саласы аудандық бюджеттен қаржыландырылып келген, яғни бізде нақты практикалық тəжірибе бар. Олай болса пилоттық жобаны жүргізудің не қажеті бар? Оған уақыт пен қаржы кетіріп не керек? Өкінішке қарай, соңғы жылдары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық пен бюджет қаржысын талан-таражға салудың ірі фактілері анықталуда. Тиісті бақылаудың жоқтығынан қаражатты мақсатсыз жұмсау, бухгалтерлердің жемқорлықпен ұсталу фактілері жиілеп тұр. Тек, 2023–2024 жылдар аралығында мемлекетке келген зиян 15,5 миллиард теңгеден асып отыр. Осының өзі көп нəрсені аңғартса керек. Бүгінгі күні жергілікті əкімдердің əлеуметтік-экономикалық салалардағы өкілеттіктерін кеңейтудің орнына, біз оларды денсаулық сақтау жəне білім беру жүйесін басқарудан шеттеттік. Спортты да облыс тық деңгейге беру туралы əңгіме көп. Бұлардың барлығы қоғамдық өмірдің маңызды салалары. Бұл – ұлт саулығы, балалардың тəрбиесі мен білімі, жастар саясаты. Біз үшін ішкі тұрақтылықты сақтау аса маңызды. Егер аудан əкімі мектепті жөндеуге шамасы келмесе, ол мемлекеттік саясатты қалай жүзеге асырады?! Бүгінгі таңда Президентіміз білім беру жүйесіне үлкен көңіл бөліп отыр. Мұғалімдердің əлеуметтік жағдайы жақсарды, жалақысы өсті. Мектептер халықаралық стандарттарға сай жабдықталуда. «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асуда. Осылардың барлығын жергілікті əкімдер өз жауапкершілігіне алып, қадағаламаса, кім қадағалайды? Сондықтан да білім беру жүйесін қаржыландыруды да, оны басқару мен бақылауды да аудан, қала əкімдеріне қайтару қажет.

Ұлттық қордағы қаражатқа көз аларту артық

Наурызбай Байқадамовтың айтуынша, жаңа Бюджет кодексінде Ұлттық қордан рес публикалық бюджетке аударылуы мүмкін болатын қаражат көлеміне қойылатын нақты шектеулер жоқ. Ұлттық қор туралы негізгі ережелер оны қалыптастыруға жəне трансферттерді беруге қатысты, бірақ бақылаудың егжей-тегжейлі тетіктері қамтылмаған. Қаралып отыр ған Бюджет кодексінің 59-бабы 2-тармағының редакциясында Ұлттық қордың жұмсалуы нысаналы бағдарлармен жəне нысаналы талаптардың көлемімен шектелетіні ғана көрсетілген. Бұл критерийлер жеткіліксіз. Нақты критерийлердің болмауы дискрециялық шығындар қаупін тудырады, ондай жағдайда қаражат елдің стратегиялық басымдықтарына жұмсалмай, Үкіметтің ағымдағы қажеттіліктеріне қарай жұмсалады. Осыған байланысты, еліміздің экономикасын орнықты дамыту мақсатында жəне бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін Ұлттық қорды басқаруда пəрменді тəсіл қажет. Сонымен қатар, Ұлттық қордан берілетін трансферттер тек аса қажетті инфрақұрылымды жəне республикалық маңызы бар жобаларды дамытуға бағытталуымен қатар, ұсынылғандай – Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің 30 пайызы мөлшерінде ковенанттармен шектелуі тиіс. Екі заң жобасы да сенаторлардың аталған жəне өзге де өзгертулерімен Мəжіліске қайтарылды. Қаралған заңдарға қатысты пікір білдірген Сенат төрағасы мемлекеттік қаржыны басқару жүйесіндегі үрдістер, сондай-ақ, фискалдық саясат саласындағы проблемалар елдің бюджеттік үлгісін қайта қарау қажет екеніне дəлел болғанын атап өтті. «Бұл кодекс бюджет саясатының тиімділігін, бюджет үдерісінің ашықтығын жəне оған қатысушылардың жауапкершілігін арттыруды көздейді. Жалпы, жаңа Бюджет кодексінің қабылдануы атқарушы жəне заң шығарушы биліктердің Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру жолындағы өзара тығыз əрі тиімді жұмысының нəтижесі екені сөзсіз. Қаралған заңдар мемлекеттің фискалды саясатын тиімді іске асыруға жəне еліміздің стратегиялық құжаттарында айқындалған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді деп сенеміз», – деді Мəулен Əшімбаев.

Сенаторлардың­ ұтымды ұсыныстары

Сондай-ақ палата отырысында сенаторлар депутаттық сауалдарын жолдады. Олардың ішінде Закиржан Кузиев ауыл шаруашылығын толыққанды дамыту үшін аграрлық кластерлер құрудың маңызы зор деп есептейтінін айтып, саланы жəне аграрлық стартаптарды қолдау мақсатымен Ұлттық аграрлық ғылымбілім беру орталығының базасында бірыңғай оқыту орталығын құруды ұсынды. Бибігүл Аққожина жұмысшы мамандықтарды игеріп шыққан түлектер үшін міндетті өндірістік тағылымдаманы бекітудің маңызды екеніне үкімет назарын аудартты. Жанболат Жөргенбаев елдің транзиттік əлеуетін нығайтуды көздейтін шараларға тоқталды. Сенатор өз сауалында туристер ағынын ұлғайтуға, шекаралас өңірлердің экономикалық дамуын ынталандыруға жəне «Қалжат», «Нарынқол», «Қарқара» бекеттерінде жаңа өткізу пункттерін ашып, сауда-логистикалық орталықтар құру арқылы инвестициялар тартуға болатынын айтты. Серік Шайдаров Ұлытау облысындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін қосымша қаражат бөлу жəне Ұлытау салық органдарында жалға алынған жерлерде жұмыс істейтін жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаларды қайта тіркеу мүмкіндігін қарастыру мəселесіне Үкімет назарына ұсынды.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

8 наурызда 366 қыз бала дүниеге келген

Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелген, онда 126 бала туды.

Елімізде тұрғын үй бағасы қалай өзгерді?

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы 2025 жылғы ақпандағы баға индексі мен тұрғын үй құны туралы мәліметтерді жариялады.

ҚБТУ-ды мемлекет меншігіне өткізу мәселесін Жоғарғы сот қарайды

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) мемлекетке қайтарылуына қатысты пікір білдірді.

Қазақстандықтар жаңа жұмыс кестесіне ауыса алады

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында өңірлерде мәслихат депутаттары жұмыс кестелерін түзету арқылы жұмыс уақытын оңтайландыру жөніндегі бастаманы қолдағанын мәлімдеді.

Бірыңғай уақыт белдеуі: зерттеу нәтижесі белгілі болды

Үкімет отырысында уақыт белдеуі мәселесіне назар аударылды. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бірыңғай уақыт белдеуіне көшу халық денсаулығына қаншалық әсер еткенін анықтауды мақсат еткен мониторинг нәтижелерін баяндады.