12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Конституциялық сот букмекерлерге қатысты маңызды шешім шығарады

Конституциялық сот букмекерлік кеңседе ұтысты төлемеген кезде сот қорғауына құқықты шектеу туралы норманы тексеру туралы қазақстандықтың өтінішін қарады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Азаматтың пікірінше, лицензиясы бар ойын бизнесі субъектісі ұйымдастырған ойындарда ұтыс сомаларын өндіріп алу туралы талап-арыздар бойынша оның сот арқылы қорғалу құқығын шектеу Конституцияға қайшы келеді.

2023 жылғы желтоқсанда өтініш беруші ұтыс сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген. Кодекстің 914-бабына сілтеме жасай отырып, бірінші сатыдағы сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатқан, ал апелляциялық саты шешімді өзгеріссіз қалдырған.

«Конституциялық Сот лицензиясы бар ойын бизнесі субъектісімен дауларда сот арқылы қорғалуын алып тастау Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының негізгі бастауларына қайшы келетінін және лицензиясы бар субъектінің шарттық міндеттемелерді орындамауына түрткі болатынын атап өтті. Сонымен қатар, Конституциялық Сот АК-нің 914-бабының кейбір ережелері қолданыстағы редакциясында жеткілікті түрде анық тұжырымдалмаған, оларды біркелкі түсінуді және қолдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді деп атап өтті.

Тексеру нәтижесінде, Конституциялық Сот АК-нің 914-бабын «, ойын бизнесін ұйымдастырушы құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді өткізудің шарттарын сақтаған кезде,» деген сөздер бөлігінде Конституцияға сәйкес келмейді деп таныды және Үкіметке белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасын қабылданған нормативтік қаулыға сәйкес келтіру мәселесін қарауды ұсынды», — делінген Конституциялық Соттың қорытынды шешімінде.

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,