Бүгін аудандық пробация қызметі және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен пробация қызметі тізімі жастар арасында діни сауаттылықты арттыру және деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге аудандық орталық мешіттің наиб имамы мен жастар орталығының осы салаға жауапты маманы қатысты.
Шара барысында мамандар жастарға дәстүрлі дін мен деструктивті ағымдардың айырмашылығы, олардың қоғамға тигізетін зияны туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, дұрыс діни ақпаратты қайдан алу керектігі, радикалды идеологиялардың алдын алу жолдары талқыланды.
Кездесу сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша мамандардан нақты жауап алды.
“Бүгінгі өткен кездесу мен үшін өте пайдалы болды. Бұған дейін дін туралы көп нәрсені білмейтін едім, әсіресе дәстүрлі дін мен түрлі ағымдардың айырмашылығы жайлы. Мамандардың түсіндірмесі арқылы қай жерден дұрыс ақпарат алу керектігін, теріс идеологиялардың қалай әсер ететінін жақсы түсіндім.
Мен бұрын қателікке бой алдырған адам ретінде, енді қайта жаңылмауым үшін дұрыс жолды таңдауға тырысамын. Осындай шаралар бізге қоғамға қайта бейімделуге көмектеседі деп ойлаймын. Осындай кездесулер жиі болып тұрса, көп адамға пайдасы тиер еді.Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз,- деді есептегі азамат.