12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотталғандармен психологиялық тренингі өтті

Бүгін Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 37-мекемесінде психолог маманның ұйымдастыруымен сотталғандарға арналған тренингі өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты – сотталғандардың психологиялық жай-күйін жақсарту, қоғамға қайта бейімделуіне көмектесу.
Тренинг барысында қатысушылар өз эмоцияларын басқаруды, ішкі жан дүниесін реттеуді және болашаққа оң көзқараспен қарауды үйренді.
Сонымен қоса тренинг аясында әртүрлі психологиялық әдістер мен жаттығулар жүргізілді.
Психолог маманның айтуынша, сотталған азаматтар көбіне өткен өміріндегі қателіктерін кешіруде қиындық көреді. Бұл тренинг олардың өткенді қайта саралап, жаңа өмір бастауына мүмкіндік береді. Қатысушылар өздерін жеңіл сезініп, болашағына мақсаттар қойып, соған жету үшін бар күш — жігерлерін салады.
“Бұл тренинг менің өзімді және қателіктерімді түсінуге көмектесті. Бұрын өткенді көп ойлап, өкініштен арыла алмадым. Ал қазір алға ұмтылу керектігін сезіндім,-деді сотталған азамат.

Дінаралық татулық

Ағымдағы жылдың 24 ақпанында Атырау қалалық “Успенский Собор” шіркеуінің...

№79 мекемесінде танымдық шара өткізілді

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №79 мекемесінде тәрбиелік-танымдық...

Жазасын өтеушілерге арналған тоқсандық ақпараттық-түсіндіру шарасы

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының...

Абай облысында есепте тұрған адамдарға бақылау күшейтілді

Жедел-профилактикалық іс-шара (ЖПІ) аясында Абай облысы бойынша ҚАЖД Жаңасемей...

В области Абай усилили контроль за подучётными лицами

В рамках проведения оперативно-профилактического мероприятия (ОПМ) сотрудники службы пробации...