Алматы облысында сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу мәселелері талқыланды

Талғар ауданының әкімдігінде пробация қызметтерінің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік көмек ұйымдастыру мәселелеріне арналған консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті.

Отырысты аудан әкімінің орынбасары, кеңесші органның төрағасы Айбек Бидаев ашып, 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын ұсынды. Талқылау барысында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру, сотталғандарға медициналық көмек көрсету, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері қаралды.Кеңеске қатысушылар жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік бейімделу үдерісіндегі рөлінің маңыздылығын атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша жұмыс берушілермен және медициналық мекемелермен өзара іс-қимылды күшейту, сондай-ақ қоғамдық пайдалы еңбек бағдарламаларын кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірленді.

В области Абай среди осужденных, состоящих на учете службы пробации, прошел шахматный турнир

В Кокпектинском районе области Абай службой пробации Департамента уголовно-исполнительной...

Туған күнінде ерлік танытты

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері,...