12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қорғаныс министрлігі жаңа A-400M көлік ұшағының жұмысын көрсетті

Өткен жылдың аяғында Алматы әуежайына Қазақстанның алғашқы Airbus A400M әскери-көліктік ұшағы қонды. Әскери авиацияда жаңа деңгейдің басталғанын білдіретін бұл ұшақ жоғары технологиялық жетістіктерімен, жүк көтеру қабілетімен және әмбебаптығымен ерекшеленеді. Қазақстандағы ең үлкен ұшақтың мүмкіндіктерін көрсету үшін журналистерге арнайы жаттығу рейсіне қатысуға мүмкіндік берілді. Zanmedia.kz тілшісі еліміздегі ең үлкен ұшақта ұшып өз әсерімен бөлісті.
Қазақстандық ұшқыштар Испанияның Севилья қаласындағы авиациялық дайындық орталығында 3 ай оқудан өтті. Енді олар қажетті ұшу сағатын жинауы керек – кем дегенде 16 сағат ұшуы тиіс екен.
Біз оқу-жаттығу ұшуларына қатысып, Алматыдан Талдықорғанға және кері қарай ұшып бардық.


Ұшуға дейін: Қазақстандағы ең үлкен ұшақ не үшін керек?
Алматы әуежайының ұшу-қону жолағында бізді Қазақстан Қарулы Күштерінің десанттық-шабуылдаушы әскерлері қолбасшылығы басқармасының әуе-десанттық дайындық бөлімінің аға офицері Руслан Шажалиев күтіп алып, жаңа көлік ұшағының ерекшеліктері туралы айтып берді.
«Бұл әуе кемесі техникамен қатар 120 адамға дейін десант тасымалдай алады. А-400М ұшағына арнайы жабдықталған ұшу-қону жолағы қажет емес – ол бетон жолаққа ғана емес, топыраққа да қонып, ұшып кете алады», – деп атап өтті Руслан Шажалиев.
37 тоннаға дейін жүк тасымалдайтын әуе кемесінің максималды жылдамдығы 802 шақырым/сағат жылдамдықты құрайды, ұшу биіктігі – 12 200 метр, практикалық қашықтығы – 8000 шақырым. Оның үстіне дайындалмаған аэродромдарға қонуға қабілетті. Бұл географиялық аумағы үлкен Қазақстан үшін таптырмас көрсеткіштер.
А-400М қаншалықты үлкен?
Суреттерден ұшақтың ауқымын көруге болады.


Турбина винттері адам бойынан жоғары.
Қанаттары мен құйрық бөлімі – ерекше ұзын, ал құйрығында Қазақстан әуе күштерінің белгісі бейнеленген.
Шасси жүйесі үш-үштен орналасқан алты дөңгелектен тұрады.
Алғашқы ұшу: Жолаушылар ұшағына қарағанда жұмсақ қозғалыс
Бір қызығы бұл менің өмірімдегі алғашқы әуеге көтерілу сәтім болды, әрі бірден әскери ұшақта.
Ұшу барысы
Ұшар алдында бізді жаттығудың күрделі болатыны туралы ескертті: бірнеше рет ұшу мен қону маневрлері орындалатындықтан, бұл сынаққа бәрі бірдей төзе алмайтынын айтты. Бізде жерде қалып, тек сырттай бақылау мүмкіндігі болды. Бірақ бірде-бір журналист тарихи сәттен құр қалғысы келмеді.


Экипаждың кәсібилігін атап өтуге болады. Олар әр маневр алдында олар біздің қауіпсіздік белдіктерімізді тексеріп, жағдайымызды сұрады. Ұшу барысында салондағы тыныштық пен жайлылыққа ерекше назар аударылды.
Ұшақтың іші жарты футзал алаңы секілді
Ұшақтың ішіне кіргенде, оның кеңдігі бірден көзге түседі. Тіпті ішінде кішкентай футзал алаңын құрып, ойнауға болатын сияқты. Бұл кеңдік жүк тасымалдаудағы тиімділікті арттырады.


Еденде Жүздеген арнайы ілмектер жүктің орнықты бекітілуін қамтамасыз етеді. Олар ауыр техниканы, гуманитарлық жүктерді немесе арнайы жабдықтарды тасымалдауға арналған.
Ұшақтың артқы үлкен жүк есігінің көлемді техниканы тез түсіруге болатынын аңғаруға болады.


Бұл сөзімізді авиация базасының командирі полковник Әбдімәжіт Жанахметовте растайды. Ол өткен аптада A-400M техникалық мүмкіндіктерін тексеріп ұшаққа екі БТР, екі «Арлан» (минометке қарсы қорғанысы күшейтілген брондалған доңғалақты көлік) тиеліп, Балқашқа ұшып барғанын жеткізді. Одан бөлек неге дәл Талдықорған аэрадромы таңдалғанын айтты.
«Алматы әуежай торабы әрдайым жүктемемен жұмыс істейді, сондықтан басшылық оқу-жаттығу жиындарын Талдықорған аэродромында өткізу туралы шешім қабылдады. Мұндағы ұшу алаңы жақында жөндеуден өтті, оның ұзындығы мен сипаттамалары осындай әуе кемелерінің жаттығуын орындауға мүмкіндік береді», – деді Жанахметов.
Экипаж кабинасы: басқарудағы жайлылық


Airbus A400M экипаж кабинасы – жаңа буын технологияларының үлгісі. Мұнда ұшқыштар үшін барлық жағдай жасалыпты.
Кең көрініс аймағы ұшақты басқаруды жеңілдетіп, қауіпсіздікті арттырады екен.


Сандық дисплейлер: Барлық маңызды ақпарат цифрлық түрде көрсетіледі, бұл ұшқыштардың жүктемесін азайтып, жылдам шешім қабылдауға көмектеседі.


Біз A-400M ұшағының бортында бір сағаттан астам уақыт әуеде болдық – Талдықорғанға дейін 27 минутта ұшып бардық, ал кері қайтуға 40 минут қажет болды. Экипаждың жұмысы жайлы бізге отряд командирі подполковник Асылбек Жұмабаев баяндады.


«Бізбен бірге Airbus компаниясының мамандары болды. Олар ұшқыштарды оқытуды жалғастырып, жаңа ұшақтың барлық мүмкіндіктерін көрсетуде. Осы айда жиі ұшуға тырысып жатырмыз. Балқашқа, Ақтауға, Атырауға ұштық, тіпті жүк те тасымалдадық. Бүгін сіздермен бірге Талдықорғанға барып келдік. Біз қазірдің өзінде екі экипаж жинағын дайындадық, Airbus стандарттары бойынша әр жинақ үш адамнан тұрады: командир, көмекші және борт-маман», – дейді Жұмабаев.
Әскери қызметкердің айтуынша, бұл ұшақ көпфункциялы және ең бастысы, өте биік. Ауыр техниканы тасымалдау үшін бұл – үлкен артықшылық, әрі әскери-көлік авиациясы үшін сирек кездесетін мүмкіндік. Ең бастысы – заманауи техника. Кабинасын көрдіңіздер – штурвалдың орнына «джойстик» деп аталатын басқару құралы бар. Әуе кемесі толықтай компьютерлендірілген, бірақ үш деңгейлі қорғанысқа ие. Яғни, бір компьютер істен шықса, екіншісі қосылады, екіншісі істен шықса – үшіншісі іске қосылады.
«Әскери және азаматтық ұшқыштарды салыстыру орынды ма? Мүмкін, олардың жұмыс жағдайы бізге қарағанда ыңғайлырақ шығар. Бізде әскери жарғы, тәртіп және көптеген шектеулер бар. Кейбір әріптестеріміз бір кезде азаматтық авиацияға ауысты. Мен ол туралы ойланған жоқпын. Қазіргі жұмысым көңілімнен шығады, әсіресе, енді менде жаңа ұшақ пен жаңа сынақ бар», – дейді Жұмабаев.
Талдықорғанға жеткен соң бізді жерге түсіріп, ұшақ экипажы жаттығуларын жалғастырды. Біз ұшақтың көкке көтерілуі мен жерге қонуын сырттай бақыладық. Бұл көрініс – шеберлік пен техниканың үйлесімі. Әр қозғалысы үйлесімді, әр қонуы айрықша әсерлі болды.

Фото: Нұрбол Ынтымақұлы


Оның үстіне ұшақта талай ұшқан тәжірибелі әріптестерім бұл ұшақтың ұшу-қонуының жұмсақтығын ерекше атап өтті. Тіпті кейбір жолаушылар ұшақтарымен салыстырғанда қонуы әлдеқайда ыңғайлы екен.
Airbus A400M – Қазақстанның әуе күштерін нығайту және озық технологияларды енгізу жолындағы маңызды қадам. Оның әмбебаптығы тек әскери мақсатта ғана емес, төтенше жағдайларда, гуманитарлық көмектерде де маңызды рөл атқарады.
Бұл күн мен үшін тек кәсіби тәжірибе ғана емес, өмірімдегі ерекше оқиғаға айналды. Алғаш рет әуеге көтеріліп, мұндай заманауи әскери ұшақта болу – ешқашан ұмытылмас сәт. Airbus A400M – тек технологиялық жетістік емес, Қазақстанның болашақтағы авиация саласындағы әлеуетінің жарқын дәлелі.

Полиция есірткі қылмысына қатысты заңға өзгерістер енгізілгені бойынша түсіндірме жүргізді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің...

Кто решит проблемы предпринимателей?

Начало нового года показало небывалую активность предпринимателей Восточного Казахстана...

 Выгодные проекты

Заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин провел...

Черная паутина Часть 9

ЭПИЗОД №23 ЯНВАРЬ 2022 ГОДА Это были люди, состоящие...

Тоқаев АҚШ-тың 47-ші Президенті Дональд Трампты құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың 47-ші Президенті Дональд Трампқа...