12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Ұйымдасқан қылмыстық топ» деп айыпталғандардың туыстары президенттен көмек сұрады

Астанада екі жылға жуық уатыттан бері жалғасып жатқан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-нан металл сынықтарын ұрлауға қатысты «Қарағандылық ұйымдасқан қылмыстық топ» деп аталатын іс бойынша сотталушылардың туыстары, сондай-ақ олардың қорғаушылары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа атышулы қылмыстық істі бақылауға алуды сұрап ашық үндеу жолдаған еді.
Олар жақындары мен туыстарының екі жылға жуық әділетсіз қамауда жатқанын айтып, құқық қорғау органдары тергеу және сот процесінде өрескел заң бұзушылықтарға жол бергенін жеткізді. Сондай-ақ әділдік іздегендер «Біздің жақындарымыз жасамаған қылмыстары үшін айыпталып отыр. Тергеу барысында айыптар ауырлап, тергеу соты қамауға алу мерзімін ұзартты. Оларды темір сынықтарын ұрлаудан бастап, ұйымдасқан қылмыстық топ құру мен бопсалауға дейінгі баппен айыптауда.

«Бопсалау» фактілеріне келсек, тергеу «жәбірленуші» деп танылған 50 адамның өз айғақтарынан бас тартып, сотта айғақтарының жалған екенін және қысыммен алынғанын, оларға қатысты ешкім ешқандай бопсалау жасамағанын мәлімдеді. Яғни, дәлелдемелерді бұрмалаған. Іс материалдарында ұйымдасқан қылмыстық топтың бар екендігін растайтын фактілер жоқ», – делінген үндеуде.


– Оның үстіне іс бойынша айыпталушылар сотқа дейін бір-бірін мүлдем танымаған. Тіпті, құпия куәгерлер де сотта істегі айғақтарды бермегендерін және ештеңе айта алмайтындарын айтты. Біз аты-жөні аталмаған «ықпалды тұлғалардың» процеске араласуын бірнеше рет байқадық.


Тергеу қысыммен жүргізілді деп есептейміз. Мұны жедел тергеу тобы қызметкерлері де жасырмады. Сондай-ақ, прокуратураның қатардағы қызметкерлері де бұл құрамда ұйымдасқан қылмыстық топ жоқ екенін білсе де, оларға жоғарыдан «бұйрық берілгенін» ашық айтып отыр. Өкінішке қарай, қоғамда қылмыспен күрес бойынша істерді нақты тергеуден гөрі көрсеткіштер үшін азаматтардың құқығы бұзылып, жазықсыз адамдар әділетсіз жүйенің құрбанына айналып жатыр. Әрқайсысының отбасы, ата-анасы, балалары бар. Олар осы екі жыл ішінде қаншама қиындықты бастан өткерді. Балалар әкесіз өсуге мәжбүр, қарт ата-аналар денсаулығынан айырылуда, әйелдер отбасын сақтап қалу үшін түрлі ауыртпалыққа тап болуда. Тіпті, кейбірі өмірге келген сәбиін көрмесе, енді бірі жақынынан көз жазып қалғанда қоштаса да алмады. Сондықтан мұндай жалған айғақтар мен жалған деректерге негізделген айыптаулар адам тағдырын құртуына жол бермеу керек, – дейді айыпталушылардың туыстары.


Олар неліктен президентке үндеу жолдауға мәжбүр болғанын да анық жеткізген.
Біз бұл мәселеде заң емес, озбырлық жеңетінін көріп тұрмыз. Прокурордың отбасын асыраушы азаматтарымыз бен ұлдарымызды 16, 12, 7, 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағанын естігенде таң қалдық. Тіпті, Қаңтар оқиғасы кезінде «бейбіт тұрғындарды азаптады» деп айыпталған полицейлерді небәрі 3 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған жоқ па? Ал мына жағдайда өрескел заң бұзушылық пен ешқандай айғақтың жоқтығына қарамастан туыстарымызды ұзақ мерзімге түрмеге жапқысы келеді!
Біздің туыстарымыз ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі емес, олар тек сотта ғана кездескен. Құқық қорғау жүйесі әділдікті емес, жауапкершілікті күшейту үшін жұмыс істемеуі керек. Қолданыстағы заңнама аясында тек фактілерге сүйене отырып, әділ шешім қабылдауға болатынына күмәніміз жоқ. Біздің талап – тергеу органдарының іс-әрекетін жан-жақты тексеріп, процессуалдық нормаларды сақтау. Судьяларға жасалатын кез келген қысымды жойып, сот ісін жүргізудің тәуелсіздігін қамтамасыз ету. Жаңа Қазақстанда әділдік орнайды деп есептейміз. Азаматтардың құқығын аяққа таптап, құқықтық мемлекет құра алмаймыз. Шешімдерге қысым емес, заң негіз болады деп сенеміз. Туыстарымыз отбасына оралуы керек. Өйткені, әділетті Қазақстанда адамдар өзгенің қателігінен, жүйенің теріс пиғылынан зардап шекпеуі тиіс…
Бұл істі бұрын «Гарант 24 Ломбард», «Нұр-Али Капитал» (Ақтөбедегі қаржы пирамидалары) сияқты істер бойынша қатаң үкім шығарған Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы С.З.Тасымбетов қарап жатыр.
Сотта «АрселорМиттал Теміртау» зауытынан металл сынықтарын ұрлау, бопсалау, күзет компаниясы қызметкерлерінің өкілеттігін асыра пайдалану және ұйымдасқан қылмыстық топ сияқты бірқатар қылмыс бойынша айыпталған 24 айыпталушының ісі қаралуда. Алайда, сотталушылардың туыстары тергеу мен сот процесінде полиция қызметкерлерінің «жоғарыдан оларды ұйымдасқан қылмыстық топ ретінде кінәлі деп тану және ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру туралы нұсқауы» барына үнемі сілтеме жасауы және сотталушылардың құқығын бұзуға жол беруін түсіндіруді сұрайды.
Ал сот процесі үздіксіз өтті, тіпті адвокаттардың бірінің жақын адамы өмірден өткенде процесті үзбеу үшін оны дереу мемлекеттік адвокатпен алмастырды. Бұл ұрланған мүлікті (пайдалануға жарамсыз металл сынықтарын) және кейбір жағдайларда оның құнын қайтарып алып, материалдық шығынды өтеуді талап етуді жалғастырған жәбірленуші «Кармет» зауыты (бұрынғы Арселор Миттал) өкілінің оғаш ұстанымы десе болғандай. Неге десеңіз, зауыт іс бойынша айыпталушылардың туыстарынан үшінші мәрте өтемақы төлеуді талап етуге әрекеттенген.
Ал АМТ зауыты өкілдерінің айтуынша, кейбір айыпталушылар қола қалдықтарын (көшеде жатқан ескі, кесілген сынықтар) сыртқа шығарған, бірақ мекеме оларға «жаңа қола бұйымдарын ұрлады» деп айып тағып отыр. Алайда, тергеу сотталушылар мен куәгерлерге қысым көрсетіп, кейбір айыпталушыларға қатысты айыптау актісіне қол қойғызған.

«Күйеуім былтыр 5 наурызда қамауға алынды, ол түрмеде 22 айдан бері отыр. Оны 2016 жылы тоқтатылған іс бойынша қайта қамауға алды. Мүлдем алынып тасталған істі прокурор қайта қопарып, бір айдан кейін ғана құжаттарды қалпына келтіру туралы қаулы шығарған. Бұл Бестөбе кенішіндегі тәртіпсіздіктерге байланысты еді. Сол кезде алтын ұрлаушыларға әрекетін жүзеге асыруға кеншілер жол бермеді. Бірақ жолдасыма әр екі-үш ай сайын оған жаңа айыптар қосылды. Біріншіден, 2016 жылы «полиция қызметкерінің денсаулығына қасақана зиян келтірді» деді.

Бірақ офицердің өзі сотта мұны жоққа шығарды. Алайда, тергеу амалдары оның әрекетін «ұйымдасқан қылмыстық топтың мүддесін көздейтін қылмыстық іс-әрекеттер» деп, бірде-бір айғақсыз, «ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі» деп айыптады.
Тергеудің қалай өткенін, соттың қалай өтіп жатқанын көрдік, қызметкерлердің да біліп отырмы. Біз тек заңның сақталуын, соттың әділ өтуін сұраймыз», – дейді сотталушының әйелі Айжан.
Жұпар: «Менің бес балам бар, олардың күтімі енді менің мойнымда! Прокурор күйеуімді 2016 жылы басбұзарлардан 15 жас жігітті қорғап, аман алып қалғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сонда менің күйеуімді жас жігіттердің өмірін сақтап қалғаны үшін соттаамақ па? Өйткені оның өзі тірі қалды ма? Неге «туыстарымызға ұзақ жаза беріледі» деген әңгіме «жоғарыдан келген бұйрық» ретінде желдей есіп тұр? Сот неге әділ шешім шығара алмайды?!», – десе, «Күйеуімді «адам бопсалады» деп айыптады. Бірақ мұны соттағы 49 адам жоққа шығарды. Одан кейін оған ешбір дәлелсіз «Ұйымдасқан қылмыс жасады» деп айып тақты. Ұрлық орнында болмаған адам қалай қылмыскер атанады? Тіпті, оны 300 мың теңгенің металын ұрлады деген оған прокуроп 15 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Бізде үш бала бар. Олар екі жылдан бері әкесін көрген жоқ. Сондықтан әділ шешім шығару үшін президенттің араша түсіп, заңсыз әрекеттерден және «жоғарыдан келген бұйрықтардан» қорғауын өтінеміз», – деді Мадина есімді келіншек.

2025 жылы 12 миллион 400 мың тұрғын газбен қамтамасыз етіледі

Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс»...

В 2025 году 12 миллионов 400 тысяч человек будут обеспечены газом

По поручению Главы государства на заседании Национального курултая «Адал...

Первый заместитель министра внутренних дел Республики Казахстан провел итоговое оперативное совещание

Под председательством первого заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан...

ҚАЖД №60 мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы экскурсия өтті

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының талаптарын...

Қызылода қалалық пробация есебіндегі әйел азаматшалармен тренинг өтті

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде 600-ге жуық адам есепте...