Түлкінің қулығы

Баяғы бір заманда, жасыл орманда барлық аң-құстар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріпті. Бұл орманда ақылды арыстан – Орман патшасы болыпты. Ол барлық аңдарға көмектесіп, әділдік орнатқан. Бірақ орманда бір түлкі бар еді. Ол өте қу, әрі айлакер болатын.

Түлкі орманның тәртібіне мүлдем бағынғысы келмейтін. Ол барлық аңдарды өзіне тәуелді етіп, олардың үстінен билік құрғысы келді. Бір күні ол жаман ой ойлап, ерекше тәтті дәмі бар, бірақ зиянды «есірткі жидектерін» жасап шығарды. Бұл жидектерді жеген аңдар қайтадан жегісі келіп тұратын болды.

– Бұл жидекті жесеңдер, өздеріңді бақытты сезінесіңдер, – деп алдады түлкі. – Ал менде мұндай жидектер көп! Бірақ бұл жидекті маған бағынсаңдар ғана беремін.

Олар түлкінің айтқанына сеніп, оның айтқанын орындай бастады. Түлкі болса, олардың үстінен билік етіп, күлкіге тоймады.

Бұл хабарды естіген арыстан қатты ашуланды. Ол өз достарын жинап, ақылдасты:
– Орманымызда тәртіп бұзылып жатыр! Бұл түлкі барлық аңдарды әлсіретіп, өзіне бағындырмақшы. Біз оған жол бермеуіміз керек.

Оның достары – ақылды қоян, батыл кірпі және тапқыр торғай – арыстанға көмектесуге дайын болды. Олар түлкінің құпия жидектерін тауып, оларды зерттеді. Сонда торғай:
– Бұл жидектер – өте қауіпті. Оларды жеген аңдар өздерін жақсы сезінгенімен, шын мәнінде ауыр науқасқа шалдығып, күш-қуатын жоғалтады, – деді.

Сол күні арыстан мен оның достары ормандағы барлық аңдарға үндеу жасады:
– Түлкі сіздерді алдап жүр. Оның жидектері сіздерге зиян. Егер біз бірлікте болсақ, оны тоқтата аламыз!

Аңдар арыстанның сөзіне сенді. Олар түлкінің жидектері өсіп тұрған жерді тауып, оны жойып жіберді. Ал түлкіні ақылды қоян мен батыл кірпі ұстап алды.

– Орманымыздың тәртібін бұзғаның үшін сені жазаға тартамыз, – деді арыстан. – Бірақ біз саған мүмкіндік береміз. Егер сен өз қателігіңді мойындап, орманға пайдаңды тигізсең, біз сенімен дос болуға дайынбыз.

Құлықсыз түлкі өзінің қателігін түсініп, аңдардан кешірім сұрады. Ол орманға көмектесіп, барлығына жақсы істер жасай бастады.

Нұрай НҰРЛАН,
№15 мектеп — лицейдің 11 сынып оқушысы,
Қызылорда қаласы

Қарыздан құтылудың тиімді тетігі

Әрбір заң азаматтардың құқығы мен бостандығын әділ қорғау, халыққа...

Жаңа Конституция заң үстемдігін орнатады

Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бүкілхалықтық референдумда халықтың қолдауымен қабылданды....

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ…

Жақында Алматыда 8848 театры құрылып,  жаңа театр өнер әлеміне...

Қазақ тіліне деген құрмет әрқашанда маңызды болуы тиіс

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және елдің...

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...