12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Көрерменге күлкі мен қуаныш сыйлайтын сценарист


Қағытпа қалжың мен ұшқыр ойдың тұтасқан жері театр немесе кино. Елдің көңілінен шығып, халықтың қошеметіне бөленіп жүрген отандық кинолардың қатары жыл санап көбейіп келеді. Қазақ киноматографиясының дамуына өзіндік септігін тигізетін актерлер ғана емес кадрдың сыртында жұмыс істейтін жанашыр жандар.


Альфред Хичкоктың «Ұлы фильм жасау үшін үш нәрсе керек: сценарий, сценарий және тағы да сценарий» — дегені сөзі текке айтылмаса керек-ті. Себебі сапалы киноны жоғары санатқа шығаратын ол — сценарий. Еліміздегі фильм, сериалдардың дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген танымал жайдарманшы, сценарист Абылайхан Қасымов. Ол отандық танымал телехикаялар мен телевизиялық жобалардың авторы. Оның шығармашылық жолы әзілмен басталып, көрермендерге қуаныш сыйлауға деген ұмтылыс оны табысты комедиялық сериалдар мен шоулар жасауға алып келді.


КВН-нан сериалға дейін


Абылайдың сценаристік мансабы университетте, КВН-ге қызығушылықтан басталды. Командада ойнау оған әзіл жазуды үйренуге мүмкіндік берді, бұл оның кәсіби өсуінің берік іргетасына айналды. Уақыт өте келе, ол скетчтер жаза бастады, кейінірек сериалдардың сценарийін жазды. Көптеген ел есінде қалған жобалар, соның ішінде:
• «Вузеры» — Абылайдың бас сценаристтің көмекшісі болып жазған алғашқы сериалы.
• «Ауылдастар» — үш маусымға жалғасқан жоба, онда Абылай тек сценарист қана емес, идея авторларының бірі болды.
• «Бәсеке» — Қазақстанда танымал болған телехикая.
• «Патруль» — Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де танымал болған жоба, Абылайхан оның бірнеше эпизодында жұмыс істеді.
• «Қызық Таймс» — 10 жылдан астам уақыт бойы эфирден түспей келе жатқан шоу. Бас сценаристтерінің бірі.

    Бұл жобалар оған көрермендердің махаббатын және шығармашылық жетістікке жетуін қамтамасыз етті.


    Шабыт және жұмыс процесі


    Абылайхан үшін жұмыстың басты мақсаты — көрерменге күлкі мен қуаныш сыйлау. Дегенмен шығармашылық процесс әрдайым оңай бола бермейді. Ол кейде ұйқысыз түндер мен шабыт жетіспеушілігіне тап болатынын айтты. Абылайханның сүйікті жанры — комедия. Оған сәтті сценарий шығару үшін тек кофе мен тыныштық керек. Ол сценарийлерді кофеханаларда жазуды жақсы көреді. Елімізде Абылай жазған көптеген сериалдар үздік жобаларға айналды, ал көрермендердің қызығушылығы оның кәсіби шеберлігін шыңдады. «Жеті өлшеп, бір кес» демекші жас сценарист сынға ашық және жобаларын үнемі жақсартып отыратын. Өзінің басты тәлімгерлерінің бірі ретінде Марат Оралғазинді атайды, оның тәжірибесі мен кеңестері Абылайханның кәсіби өсуіне ықпал етті.


    Жас сценаристерге кеңес


    Оның пікірінше, сценаристің жетістікке жетуі үшін шыдамдылық пен тепе-теңдікті сақтау маңызды. Оның басты кеңесі: таза ауада жиі серуендеп, қиындықтардан қорықпау. Абылай көрермендерді жаңа жобаларымен қуантуға әрдайым дайын екенін жеткізді. Оның қазақстандық ойын-сауық, кино индустриясына қосқан үлесі, қазіргі заманғы сценаристер мектебінің жарқын өкілдерінің бірі екенін дәлелдеді.

    Видеомониторинг и безопасность

    .... Применение технологий искусственного интеллекта в системе видеомониторинга является одним...

    Дропперы в контексте виртуального мошенничества 

    Понятие «дропперы» в лексиконе судебных и Правоохранительных органов появилось...

    №60 түзеу мекемесінде екі сотталған зейнетке шықты

    Қызылорда қаласы ҚАЖД №60 мекемесінде жазасын өтеуші сотталған азаматтар...

    Сотталғандар арасында діни сауаттылықты арттыру

    2025 жылы 9 қаңтарында ҚАЖ Департаменті #3 мекемесіне Дінді...

    Ұлттық ұлан қызметкерлері кәсіби мерекелерімен құттықталды

    Абай облысында 10 қаңтар Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан күні...