Жүрегі мейірімге толы Манар Рысқалиқызы

Ол қанатымен су сепкен қарлығаштай үнемі біреуге көмек беруге асығып тұрады. Жылағанды жұбатқысы, қиналғанды қуантқысы, жабырқаған жанның көңілін тапқысы келетін қасиет оның өмірлік миссиясы деуге болады. Соның айғағы оның осы уақытқа дейін мыңдаған жоқ-жітікке қарасуы, жылағанды жұбатып, сүрінгенді сүйеуге асығуы, мұқтаж жандарға басқадан бұрын көмекке ұмтылған әрекеттері дей аламыз. Осы бір өмірлік миссиясы арқылы бүгінде мейірім мен Манар есімі егіздей қалыптасып келеді.  

Жыл сайын жаңа оқу жылының қарсаңында жүздеген баланың жоғын түгелдеп, шат көңілмен мектеп табалдырығын аттауға жағдай жасайды. «Мектепке жол» акциясы аясында жасалатын бұл қайырымдылық шараларына жергілікті атқамінерлер де қуанып қалады. Өйткені әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларын мектепке даярлау үшін кәсіпкерлерді тартып, ынталандыруға тырысатын жергілікті басқарушы орындарға Манардай қолы ашық ханым әрқашан дайын тұрады!

 Ал қарттар күнінде қарттар үйіне барып үлкендердің көңілін аулап, арнайы концерт ұйымдастырып, үлкен сый жасап, оларды да мәз етіп кетеді. «Қарттар үйі жабылып, ешқандай қарт қарттар үйін паналамаса екен» деген Манар Рысқалиқызының тілегі әрқашан жүрегінде.

 Өмірлік ұстанымы адамзатты қуанту болған Манар ханым былтырғы көктемгі су тасқыны кезінде де Батыс өңіріне елдің алды болып көмек қолын созды. Үлкен жүк көліктерін толтырып азық түлік пен алғашқы көмекке қажет заттарды тасыды. Жақында ел ішіндегі осындай игі істерінің арқасында «300 қайраткер» энциклопедиясына енді. Бұл да болса еңбектің еленгені деуге болады. Ел ішіндегі осындай игі жақсыларды, қайырымды жандарды елеп ескеріп жүретін «300 қайраткер» энциклопедиясының құрастырушысы Динара Бердімұраттың ұсынысымен қосылған оның еңбегі елеуге тұрарлық!

Бүгінде ол негізін қалаған «Манар» халықаралық қайырымдылық Қоры мыңдаған жанды қуантқан, көпшіліктің алғысына бөленген қайырымдылық қоры болып отыр. Көп жағдайда жасаған жақсылығын дабырайтқысы келмегенімен оның қайырымдылықты ту еткен ісі басқаларға үлгі болса екен дейміз. Дәл қазіргі кезеңде қайырымдылық ұғымы көпшіліктің күмәнін де тудырып тұрған кезеңде Манар ханымның жасаған істері арқылы көпшіліктің көкейінде әлі де болса қайырымдылық ұғымын кір шалмаса екен дейміз.

Өйткені ата-бабамыз осындай қысқа жіп күрмеуге келмейтін қысылтаяң шақтарда ауызбіршілікті, адалдықты, ынтымақты ту етіп көтерген. Әсіресе, көптің мәселесін қара бастың қамынан жоғары қойған. «Бір үй аш болса, бір ауыл аш, бір ауыл аш болса, бүкіл ел аш» деген қағиданы берік ұстанып, адам тағдыры ұлыс тағдырымен тығыз байланысты екенін қапысыз таныған. «Қыран құс жемін шашып жейді, құзғын құс жемін бауырына басып жейді» дегендей, қыран құстың қасиетін бойына дарытып, тапқан табысын жоқ жітікпен бөлеп жеуді мақсат еткен, айналасына мейірімін шашып, қайырымдылық жасауды өзіне парызы етіп алған Мұқанова Манар Рысқалиқызының ісі ел қуанарлықтай! «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші жеке кәсіпкер, Ел жанашырының жасаған қайырымды істері көпке үлгі!

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...