12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Президент шыршасына Ел жанашырлары 5 млн қаражат бөлді

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Президент шыршасы Астанада ғана емес еліміздің облыс орталықтарында да өтіп жатыр. Оған аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, оқуда және спортта жетістігі бар оқушылар қатыса алады. Жылына бір рет өтетін Президент шыршасы оқушыларды ғажайыпқа сендіретін, өзіне деген сенімін арттырып, туған еліне патриоттығын күшейтетін шара. Сондықтан Президент шыршасына ел ішіндегі Ұлт жанашырлары өзінің қайырымдылық көмегін көрсетіп, бұл шараның балалардың есінде барынша қалуы үшін өз көмегін аямай жатады. Балаларды қуантуға

Осы орайда айта кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бұл жай ғана әлеуметтік құбылыс емес. Тіпті, бір күнде қалыптасатын әдет немесе дағды деуге де болмайды. Бұл – көптеген адамдардың саналы түрде таңдаған өмір салты.  Қайырымдылық – адамның бала кезінен бойға сіңетін қасиет. Сондықтан, өскелең ұрпақты жастайынан жақсылық жасауға тәрбиелеу – өте маңызды міндет. Қайырымдылыққа тікелей және жанама түрде атсалысатын адамдардың саны тұрақты артып келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл қайырымды азаматтардың ізгі ниеті мақтауға тұрарлық» деген болатын.

Расында да елімізде қайырымдылық жасауға ынталы, біреудің мәселесін жеңілдеткісі келіп тұратын, жүрегі ізгілікке толы жандар жетерлік. Елімізде орын алған төтенше жағдайлар кезінде де оны анық сезіндік. Мекемелер бір күндік жалақысын аударып, ірі компаниялар  да ел басына туған келеңсіз жағдайлар кезінде бірлігі мен ынтымағын көрсетіп жүр. Дегенмен жекелеген азаматтардың өз ниетімен қайырымдылық жасауға ұмтылуы ұлы іс екені даусыз.

Солардың бір қатарын атап өтсек. Кәсіпкер, Нейротрекер, қарым-қатынас эксперті, филология ғылымдарының pHD докторанты, Ел жанашыры, Меценат, ҚР Президентінің алғыс хаты, “Намыс” төсбелгісінің иегері Жансая Ибраем,

Республикалық конкурстардың лауреаты, күйші, Ел Жанашыры, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталған, «Алтын Адам – 2022», «100 жаңа есім» иегері Қуанышқалиев Бердіғали Қуанышқалиұлы,

 Қазақстанда тұңғыш әйелдер автомектебінің негізі қалаушы, “Намыс” төс белгісі және “Алтын жүрек” номинациясының иегері Асылзат Ералықызы,

“Алтын адам” номинациясының иегері. Қоғам қайраткері, кәсіпкер,  Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлының алғыс хатымен марапатталған Елтай Сайманұлы

секілді қарапайым азаматтар биылғы Президент шыршасына қатысатын балаларға арнап, қайырымдылық көрсетті.

Қайырымдылық жасау әр адамның қолынан келетін игі іс. Алайда қайырымдылық жасауға үлкен жүрек пен жомарт қолдың иесі болу керек. Әрбір жасалған істе ізгіліктің бар екенін есте сақтаған абзал. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Басқаларға үлгі болып, жүректерін жұмсартады. Сондықтан Президент шыршасында балаларды қуантқан қайырымды азаматтардың әрекеті дәріптеуге тұрарлық!

Поддержка студентов в трудных ситуациях

В Г. АЛМАТЫ ОТКРЫЛСЯ НОВЫЙ КРИЗИСНЫЙ ЦЕНТР, СОЗДАННЫЙ ДЛЯ...

Добрые дела для родного края 

ПО ИНИЦИАТИВЕ ГЛАВЫ ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТА ТОКАЕВА В ОБЛАСТИ АБАЙ...

Учитель, перед именем твоим…

В ОБЛАСТИ ЖЕТІСУ В РАМКАХ ЕЖЕГОДНОЙ АВГУСТОВСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ «БІЛІМ...

Агрессия за рулем автобуса: причины и реакции пассажиров

КАЖДОЕ УТРО В КРУПНЫХ ГОРОДАХ МОЖНО НАБЛЮДАТЬ ОДНУ И...

Проблема, требующая решения 

В последние годы в Казахстане наблюдается устойчивый рост числа...