12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы қаласында 181 мемлекеттік қызметшіге тынығу сағаттары берілді

          Жұмыс процесін оңтайландыру, еңбек тиімділігін арттыру және тапсырмаларды орындау мерзімдерін сақтау үшін жұмыс уақытын пайдалануды нақты жоспарлауды бақылаусыз жасай алмайсыз.

          «Жұмыс уақыты» ұғымы мемлекеттік қызметші жұмыс берушінің актілеріне сәйкес лауазымдық міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ еңбек заңнамасына, сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдерін білдіреді. Кезеңнің ұзақтығы жұмыс күнінің еңбек жағдайларына байланысты. Жұмыс уақытын тиісті ұйымдастыру басшыға да, қызметкерлерге де бірдей қажет. Басшының бақылауы ұжымдағы жұмыс тәртібінің қалыпты болуына және әділ еңбекақы төлеуге кепілдік береді. Қолданыстағы заңнама қызметкерлерді басқа уақытта кәсіби міндеттерді орындау үшін үстеме жұмысқа тартуға тыйым салмайды.

          Алайда, көбінесе мемлекеттік органдар қызметкерлердің құқықтарын бұзады және әрбір жұмыс беруші еңбек заңнамасының барлық бұзушылықтарын түзетуге тырыспайды, ал қызметкерлер өз кезегінде өз құқықтарын қорғауға асықпайды.

          Жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзуының негізгі себептері:

  • Қолданыстағы еңбек заңнамасын елемеу;
  • Көптеген жұмыс берушілердің құқықтарын дұрыс білмеуі;
  • Еңбек заңнамасын орындағысы келмейтін жекелеген жұмыс берушілердің құқықтық нигилизмі.

          Әрбір қызметкер көп жағдайда жұмыстан шығарып жіберілуден қорқып шағымдана бермейді. Еңбек заңнамасын бұзу оның орындалуына бақылаудың болмауынан да туындайды. Өз кезегінде, жұмыс берушілерде бұл жағдай бақыланбайды деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жұмыс уақыты режимінің сақталуын мониторингілеу бойынша құзырет беру жөніндегі заңнамалық түзетулер 2023 жылдың наурыз айында енгізілді және бұл, өз кезегінде, жұмыс уақыты режимін бұзғаны үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін қатаңдатуға арналған қажетті құрал болып табылады.

          Аталған мониторингті жүзеге асыру үшін Агенттік Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы №121 бұйрығымен Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу қағидалары бекітілді.

          Мәселен, осы Қағидаларда мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтау мониторингін уәкілетті органның лауазымды адамдары бармай, сондай-ақ мемлекеттік органға бару арқылы жүзеге асыратыны көзделген.

          Мониторинг мемлекеттік органға бармай-ақ тұрақты негізде жүзеге асырылады. Ақпараттық жүйелерде көрсетілген мәліметтер, уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік органдар ұсынатын деректер, қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесінің деректері, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланымдар бармай жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жасау көзі болып табылады. Оның ішінде мемлекеттік органдар уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын есепке алу нәтижелері туралы деректерді ай сайын ұсынады.

2024 жылдың қорытындысының нәтижесі бойынша 72 қызметкерлерде 505 сағаттан астам жұмыс уақыты режимін сақтау бойынша құқықтары бұзылған фактілері анықталды.

          Мемлекеттік органға бару арқылы Мониторинг мемлекеттік органдарға бару жоспарына (бұдан әрі – жоспар) сәйкес бір тоқсан ішінде кемінде бір рет жүзеге асырылады. Жоспарларды уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері бір жылға бекітеді және мүдделі мемлекеттік органдарға алдын ала жіберіледі.

          Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін мүлтіксіз сақтауын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органға бару арқылы тиісті мониторинг жоспардан тыс негізде, бірақ жылына екі реттен аспайтын негізде жүзеге асырылуы мүмкін.

          Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары мониторингті жүзеге асыру мақсатында сәйкестендіру карталарын көрсеткен кезде мемлекеттік органдардың ғимараттарына кедергісіз кіруге құқылы.

          Бару барысында уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары түсініктеме талап ете алады, сондай-ақ тіркеулі техникалық құралдарын пайдалана алады.

          Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнында жұмыс уақытынан тыс болу фактілерін уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары актілейді.

          Мемлекеттік органға бара отырып, жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу үшін Әдеп жөніндегі уәкілдер мен жұртшылықтың өкілдері тартылуы мүмкін. Жұмыс уақыты режимін сақтау мониторингінің нәтижелерімен ден қою шараларын қабылдау үшін, оның ішінде жұмыс уақыты режимінің бұзылуының алдын алу және оған жол бермеу бойынша Мемлекеттік органдардың атына тиісті ұсыныстармен мен хаттар жолданады. Жоғарыда көрсетілген норманы сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 89-бабында әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бұл ретте жұмыс берушінің не қабылдаушы тараптың жұмыс уақыты мен күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) қалыпты және қысқартылған ұзақтығын заңсыз асыруы ескертуге әкеп соғатынын, ал қайталап бұзушылық болған жағдайда айыппұл көзделгенін атап өткен жөн.

          Жоғарыда айтылғанның негізінде осы Ережелер қызметкерге оның құқықтары сақталатынына кепілдік береді деп айтуға болады, ал жұмыс беруші заңнаманы толық орындауға міндетті.

          2024 жылдың қорытындысы бойынша Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаментімен 29 мемлекеттік органға бару арқылы жұмыс уақыты режимін сақтау мониторингі жүргізілді. Нәтижесінде 115 қызметкерлерде 101 сағаттан астам жұмыс уақыты режимін сақтамау бойынша фактілері анықталды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Департаментпен 2024 жылдың қорытындысы бойынша 181 мемлекеттік қызметшінің тынығу уақытын беру арқылы толық құқықтары қалпына келтірілді.

          Аталған бағытта жұмыс жалғасатын болады.

Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің

Алматы қаласы бойынша департаментіні

мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

басқармасының жетекші маманы                                                   Д.С.Жубаназарова

Еліміз аман, бейбіт заман болсын!

Өткен күн – тарих, ертеңгі күн – құпия, ал...

Символ мудрости и трансформации

Символом наступающего нового 2025 года станет Зеленая Деревянная Змея....

Штраф либо лишение свободы

Вопросы борьбы с коррупцией всегда находятся орбите особого внимания...

Восстановить свое доброе имя

Под реабилитацией следует понимать важнейший институт уголовнопроцессуального права, предполагающий...

Технологии будущего – в повседневную жизнь

На заседании Правительства под председательством Премьер министра РК Олжаса Бектенова...