12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік тіл – тәуелсіздіктің басты белгісі

Елімізде мемлекеттік тіл мәселесі әлі күнге дейін өзекті екенін соттарға қазақ
тілінде түсетін талап-арыздардың аздығынан байқауға болады. Бұған
Конституциядағы «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару
органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген
норма кедергі болып тұрған сынды. Осыны желеу еткендер сотқа көбіне ресми
тілде жүгінуде. Дегенмен, мемлекеттiк тiлдi меңгеріп, осы тілде сөйлеу
Қазақстанның әрбiр азаматының парызы екенін ұмытпаған жөн. Өйткені,
мемлекеттiк тiл Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы.
Мемлекеттік тіл тәуелсіздігімізді айқындайтын негізгі конституциялық
құқықтық белгілердің бірі, сондықтан, оны өз тұғырына қондыру кезек
күттірмейді. Ел соттары мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында
айтулы шараларды атқарып жатыр. Жоғарғы Сот
мемлекеттік тілдегі сот актілерінің сапасына қойылатын талаптарды күшейтті.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда азаматтардың өтініштері мен
басқа да құжаттарға мемлекеттік тілде, сондай-ақ, өтініш тілінде жауап беру Тіл
туралы заңмен міндеттелген. Заң талаптары соттарда қатаң сақталады.
Республикамыздағы барлық тіл мемлекеттің қорғауында. Азаматтардың
құқықтарын тілдік белгілері бойынша бұзуға қатаң тыйым салынған. Атап
айтсақ, қазақ тілін білмейтін лауазымды
тұлғаның мемлекеттік тілдегі өтінішті қабылдаудан бас тартуы ел заңдарында
көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Мысалы, құжаттар, сұрау салулар,
өтініш, т.б. қабылдаудан бас тартып, мемлекеттік тілді білмеуі себебінен
оларды мәні бойынша қарамағаан, сол арқылы азаматтардың тіл таңдаудағы
құқықтарын шектеп, кемсіткендерге әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Мұның соңы түрлі айыппұлға әкелуі мүмкін. Тілге қатысты адамның құқықтары
мен бостандықтарын тікелей немесе жанама түрде шектегендерге қылмыстық
жауапкершілік қарастырылған.
Мемлекеттік тілді дамыту мақсатында заңнамалық және құқықтық
база, мемлекеттік бағдарламалар, концепциялар, ведомстволық жоспарлар
жасалған. Соған орай, әрбір жауапты тұлға қызметкеріне жұмыс барысында
азаматтардың тіл таңдау құқығын бұзбай, оны дұрыс қолдануына бағыт-бағдар
берулері тиіс. Әрбір қызметкер, әсіресе, басшылық құрам өзі еңбек етіп отырған
мекемеде мемлекеттік тілге басымдық берсе, сол аумақтың тұрғындары үшін
үлкен үлгі-өнеге болар еді. «Тіл туралы» заңның 9-бабында мемлекеттiк
органдар актiлерiнің мемлекеттiк тiлде әзiрленiп, қабылданатыны, қажет болған
жағдайда ғана басқа тiлдерге аударылатыны және оны ресми тiлде жүргiзу
мүмкiндігі көрсетілген.
Ел Президенті айтқандай, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі
күшейіп,
ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді. Мәселен, мемлекеттік қызметшілер халыққа қызметті қазақша сауатты әрі мәдениетті түрде көрсетсе,
қоғамның мемлекеттік тілге деген құрметімен қоса қажеттілік артады.
Сондықтан, мемлекеттік тілді өз тұғырына қондыруда мемлекеттік
қызметкерлерден үлкен жауапкершілік талап етіледі.
Данияр Сарыбаев,
Алмалы аудандық No2 сотының судьясы
Алматы қаласы

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Қазіргі таңда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының...

Сотрудники УИС приняли участие в городской ярмарке вакансий

Сотрудники УИС приняли участие в городской ярмарке вакансий, организованной...

ҚАЖ қызметкерлері бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

Қылмыстық -атқару жүйесі қызметкерлері Семей қалалық Мансап орталығы ұйымдастырған...

Сеть опорных школ «Отпан»

В целях повышения качеста среднего образования Правительстом реализуется проект...

Памяти творческого пути

В Кызылорде рамах года «Руханият» состоялся онурс жыршы «Терме...