12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» — Алматыда   AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті

Жаңа жыл қарсаңында Алматы спорттық жарыстың нағыз орталығына айналды. AUYL SPORT-2024 республикалық турнирінің финалы еліміздің 17 облысынан 1300-ден астам жас спортшыны бір алаңға жинады. Тимур мен Динара Құлыбаевтардың «Halyk» қайырымдылық қоры ұйымдастырған ауқымды шара балалардың өздеріне сеніп, дарындарын көрсетуге мүмкіндік берді.

«АУЫЛ СПОРТ»: ауылдан үлкен арманға жол

«AUYL SPORT» жобасы осыдан үш ай бұрын 200 ауылдан 12 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер қатысқан облыстық турнирлерден бастау алды. Олардың көпшілігі үшін бұл жарыс спорт биігіне аттаған алғашқы қадам болды.

«AUYL SPORT — бұл бәсекелестіктен гөрі, шабыт алаңы. Бұл ауыл балаларының жаңа көкжиектерін ашып, өзіне сеніп, үлкен жетістіктерге алғашқы қадам жасауына мүмкіндік. Біз олардың талантына сенеміз және олардың арманына жету жолында қолдау көрсетуге дайынбыз», – дейді «Halyk» қорының Алматыдағы филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Жеңіске алғашқы қадам

Турнирдің финалында бокс, күрес, каратэ, баскетбол, волейбол және шахмат сияқты алты пән бойынша жарыстар өтті. Жарысқа қатысушылардың көбісі мұндай үлкен аренаға бірінші рет шықты.

«Көбінесе ауыл балаларына қаржылық жағдайға байланысты ірі турнирлерге қатысу қиынға соғады. «Halyk» қорының қолдауы оларға өздерін көрсетуге және жоғары деңгейдегі бәсекенің дәмін татуға мүмкіндік берді. Бұл маңызды, өйткені біздің Олимпиада чемпиондарының көбі ауылдан шыққан», — деді еркін күрестен Бас төреші болған Берік Шалабаев.

Турнир жеңімпазы Түркістан облысынан келген жас палуан Самир Рахманалиев өз әсері туралы былай деді:

«Мен өз атымды, ауылымның атын асқақтата алғаныма шексіз қуаныштымын! Бұл менің ең үлкен спорттық іс-шарам, мен ұйымдастырушыларға осы мүмкіндік үшін алғыс айтамын – эмоцияларды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес!»

Ауыл балаларының болашағына инвестиция

2016 жылдан бері «Halyk» қайырымдылық қоры жалпы сомасы 85 миллиард теңгені құрайтын 120-дан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.

«AUYL SPORT» жобасы қордың ауылдық жерлерде бұқаралық спортты дамытуға бағытталған негізгі бастамаларының біріне айналды.Тек осы жобаға 500 миллион теңге бөлінді.

«Біздің мақсатымыз – спортты танымал ету ғана емес, қай жерде тұратынына қарамастан барлық балаларға тең мүмкіндіктер жасау. Мұндай бастамалар Қазақстанның болашағын құратын жастардың бойында сенім мен мінезді қалай арттыратынын көріп отырмыз», – деді Ғалымбек Жақсылықов.

Өмірді өзгертетін эмоциялар

«АУЫЛ СПОРТ» балалар үшін жай ғана жарыс емес, жаңа дүниенің есігі болды. Көпшілік үшін бұл олардың үлкен қалаға бірінші сапары, кәсіби аренамен алғашқы кездесуі және алғашқы үлкен жеңістері болды.«Балам Алматыдағы аренаға алғаш шыққанда көзі нұрланып кетті. Бұл мүмкіндік үшін алғыс айтамыз – бұл біздің өмірімізді өзгертті», — деп бөлісті қатысушылардың бірінің анасы Айгүл Мұсаева.

«АУЫЛ СПОРТ»: болашаққа шабыт

AUYL SPORT-2024 жобасы – жаңа мүмкіндіктер ашатын және шабыттандыратын алаң. Бұл балалар қайсарлық пен талант кез келген шекараны жеңе алатынын дәлелдеп үлгерді.

«Біз бұл жігіттердің арасында болашақ чемпиондар бар екеніне сенімдіміз. «AUYL SPORT» – жай жарыс емес, ол – қоғамымыздың кемел келешекке деген сенімінің мерекесі», – деп қорытындылады турнирді ұйымдастырушылар.

Борышкердің мүлкін өткізу тәртібі

Борышкердің мүлкiн өткізу тәртібі ҚР Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы...

Поддержка студентов в трудных ситуациях

В Г. АЛМАТЫ ОТКРЫЛСЯ НОВЫЙ КРИЗИСНЫЙ ЦЕНТР, СОЗДАННЫЙ ДЛЯ...

Добрые дела для родного края 

ПО ИНИЦИАТИВЕ ГЛАВЫ ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТА ТОКАЕВА В ОБЛАСТИ АБАЙ...

Учитель, перед именем твоим…

В ОБЛАСТИ ЖЕТІСУ В РАМКАХ ЕЖЕГОДНОЙ АВГУСТОВСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ «БІЛІМ...

Агрессия за рулем автобуса: причины и реакции пассажиров

КАЖДОЕ УТРО В КРУПНЫХ ГОРОДАХ МОЖНО НАБЛЮДАТЬ ОДНУ И...