12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЖЕР БАҒАСЫ АСПАНДАП ТҰР

Қиян шеттегі ауылды қайдам, аудан орталығындағы жер бағасы сіз бен бізді ойландырмай қоймайды. Облыс не үлкен қала орталығына жақын елді мекендерді былай қойғанда, 10-15 мың түтіні бар моноқалалық жерде 10 сотық жер бағасы 2-3 млн теңгеден асып жығылады. Ал мегаполис һәм өзге де қалалардағы нарық бұдан тым жоғары екені айтпаса да түсінікті емес пе?!

Қазақстанда азаматтар өз заңды тəртібін сақтай отырып баспана немесе Қазақстанда азаматтар өз заңды саяжай тұрғызу үшін жер сатып алатыны белгілі. Ал ауыл шаруашылығы кəсібімен айналысатын ағайын малға жайылым, егінге құнарлы жерді гектарлап іздейді. Жалпы ел бойынша əр өңірде жер бағасы əртүрлі құбылып тұр. Бұған бірнеше мысал да келтіреміз.

Мəселен, үй тұрғызуға жер учаскесін алу кезінде мынадай мəселелерге басты назар аударылып отыр. Баға да осыған сай көтеріледі. Айталық, баспана салуды көздейтін адам жерді алмас бұрын сол аумақтың инфрақұрылымына ерекше назар аударатыны рас. Газ, ауызсу, аяқсу, электр желісі тартылған болса, баға да соғұрлым қымбатқа түседі. Елде 6 немесе 10 сотық жердің саудасы бірінші жүреді. Ал деректерге сүйенсек, республикада мұндай жер учаскелері Түркістан, Жезқазған, Петропавл, Өскеменде аса қымбат емес. Құрылғанына көп жыл болмаған Түркістанның орталығында 6 сотық жер бағасы – 5 млн, ал 10 сотық жер – 15 млн теңгеге дейін барады. Ал қала маңынан іздесеңіз, 2,5 млн теңге бағаны сұраған жер иелері жоқ емес. Өскемен мен Жезқазғандағы баға сəл ұқсайды. Мұнда 6 сотық жер орташа алғанда 5 млн теңгеден асса, 10 сотық жер 11-12 млн теңге тұрады. Орталықтан алыс, яғни, қала сыртындағы баға 500 мың теңгеден бастап жоғарылай береді. Жердің орташа бағасы, мысалы, 6 сотық жер 10-12 млн, 10 сотық жерді 15-20 млн теңгеден əрі деп бағаласақ, мұндай сомадағы учаскелер Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Жамбыл облыстарында сатылып отыр. Ал Батыс Қазақстанда ештеңесі жоқ, құр 6 сотық жердің бағасы – 15 млн теңге ден асқан. Қала сырты мен саяжайдағы жер 1 млн теңгеден ары бағаланыпты. Мұндағы 10 сотық жер бағасы тіптен қымбат. Орташа есеппен алсақ, 35 млн теңгені құрайды. Тұрғын үй тұрғызуға қажет жердің бағасы қай өңірде қымбат? Əрине, бұл жерде мегаполистердің алдыңғы орынға шығатыны сөзсіз. Ондағы көрсеткіштен қалыспай тұрған өңірдің бірі – Маңғыстау. Мысалы, Ақтау қаласында 6 сотық жердің орташа бағасы – 18 млн болса, 10 сотық жер – 25 млн теңге шамасында. Ал орталықтан алыс-жақындығы, сондай-ақ теңіз жағалауына қашық еместігіне байланысты баға да əртүрлі, 1 жарым млн теңгеден бастап құны өсе береді. Жоғарыда айтқандай, тұрғын саны миллионнан асатын үш ірі қала – Шымкент, Астана, Алматыдағы жер бағасы облыстарға қарағанды тым жоғары. Айталық, Шымкенттен 6 сотық жер алу үшін кемінде 18-20 млн теңге қалтаңыз да болу керек. 10 сотық жер 25 млн теңгеден басталады. Осы көлемдегі учаскелер қала сыртында 2 млн теңгеден бастап саудаланатын болған. Оңтүстік астана Алматыдағы баға тіптен аспандап тұр. Кейбір өңірлер мен үлкен қалалардағы 3-4 бөлмелі пəтер құнына татитындай. Мысалы, Алматыдан 6 сотық жер алу үшін 55-60 млн теңге қажет. Ал 10 сотыққа 90 млн теңге қаражат дайындайсыз. Дегенмен, қала сыртындағы жер учаскелері қымбат емес, 2,5 млн теңгеден басталып, ал кейбір жекелеген аудандарда 3 жарым млн теңге баға сұраған. Елордадағы баға Алматыдан арзан, бірақ онша көп айырмашылық та жоқ. Олай дейтін себебіміз, Астанадағы 6 сотық жердің бағасы орташа есеппен 30-35 млн теңгеден басталса, кейбір осы көлемдегі жер бағасы тура Алматымен бірдей. 10 сотық жер іздегендерге 46-48 млн теңгеден бастап қаражат жинауына тура келеді. Сондай-ақ бас қаланың маңындағы жердің бағасы да құбылып тұр. 1,2 млн теңгеден 10 млн теңгеге дейін сомадағы учаскелердің жарнамасы жетерлік.

Баспана салуға қажет жерді алардан бұрын ол аумаққа тартылған инженерлік-инфрақұрылымдық желілердің рөлі маңызды екенін айттық. Бұл мəселе – ауыл шаруашылығы құрылымдарына да байланысты. Шаруа қожалығының иесі алдымен алар жерінің аумағынан бөлек, жайылым сапасына мəн береді. Сондай-ақ егін егетін фермерлер де топырақ құнарына, су арналарының дұрыс жүргізілгенін бірінші есепке алады. Бағасы да осы критерийлерге сай өзгеретіні анық. Мəселен, егінді мол салатын солтүстік өңірлерді айталық. Сату нарығындағы деректерге сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысында сатылымдағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің аумағы 13-506 гектар арасында десек, оның құны 1 млн мен 30 млн теңге арасында. Ақмолада аумағы 1 гектар мен 11,8 мың гектар арасында ауыл шаруашылық жерлері 1 млн-нан бастап 875 млн теңгеге дейін жеткен. Өңірдегі жер сату жарнамаларының көбі 10 гектарға дейінгі жердің бағасын 20 млн теңгеден ары көрсетіп отыр. Ал Ұлытауда 300 бен 5 мың гектар арасындағы жер бағасы – 1-20 млн теңге арасында. Ақтөбе облысында 1,5-30 гектар арасындағы жер бағасы сапасына қарай 350 млн теңгеге дейін барады. Оңтүстікте баға басқаша. Мысалы Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерін 1 гектардан 1,5 мың гектарға дейін сатып ала аласыз. Құны да əрқалай, шамамен 2 млн-нан басталып, 230 млн теңгеге дейін көрсетілген. Дұрысы, көп жағдайда жердің құны оның орналасуына (тау етегі, жазықтық, т.б.) байланысты қойылыпты. Ал Шығыс Қазақстанда аумағы 1,5 мың гектарға дейінгі учаскелер 1-200 млн теңге арасында бағаланыпты. Көп жағдайда бір гектардың бағасы 1 млн теңге шамасында тұр. Оған көршілес Қызылорда облысында 5 гектардан 1 мың гектарға дейін гі жердің құны 1,2-80 млн теңге арасында. Өңірде жалғыз трансшекаралық өзен – Сырдария болса, оған жақын жердің де бағасы қымбат болатыны анық. Жарнамада көрсетілгендей, су қоймасына жəне саяжайға жақын жердегі 20 гектар жерге 80 млн, ал бақша мен көкөніс егуге құнарлы 29 гектар жерге 47 млн теңге сұрағандар бар. Батыста жер бағасы өзгелерден арзанырақ. Мəселен, Маңғыстауда жер учаскесінің қымбаты – Каспий жағалауында. Жалпы өңірде баға 1,2 млн мен 50 млн теңге арасында тұр. Сондай-ақ Жамбыл облысында 3 гектардан 1,3 мың гектарға дейінгі жайылымдық жер бағасы 1,8-264 млн теңге арасында сатылуда. Бидайын да егіп, төрт түлігін де баптай білетін Қостанай облысында 8 гектардан 10 мың гектарға дейінгі жер бағасы 900 мың мен 50 млн теңге арасында кезігеді. Ал шығыстағы Абай облысында 5 гектардан бастап 1,3 мың гектарға дейінгі жер көлемі 3-60 млн теңге арасында саудаланып отыр. Қарағандыдағы жер бағасы 3 пен 200 млн теңге (2 мен 7,5 мың гектар аралығы) арасында сатылса, Алматы облысында баға басқа өңірлерге қарағанда қымбатырақ. Бұл өңірде 1 гектардан 10 мың гектарға дейінгі аралықтағы жерлер бағасы 400 мыңнан басталып, 7 млрд теңгеден асып жығылады. Оған көршілес орналасқан Жетісу облысында да баға арзан емес. Саудаға түскен 2 мың гектарға дейінгі ауыл шаруашылық жері көлеміне қарай 1,2 млн-нан бастап, 1 млрд теңгеге жуық баға сұрап отыр. Мейлі баспанаға, мейлі шаруашылық жүргізуге болсын, жердің қажет емесі жоқ. Демек, мақала барысында айтқандай, тек оның орналасу аймағы мен топырақ (жайылымдық, құнарлы өлке) сапасына қатысты бағасы да «бас шалқайтатынын» аңғарғандаймыз.

Шернияз ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ

Буллинг, автобустан түсіруге тыйым: биыл балаларға қатысты қандай заңдар қабылданды?

2024 жыл елімізде балалардың құқықтарын қорғау бойынша маңызды оқиғаларға толы кезең болды. Биыл балалардың жағдайын жақсартуға, әсіресе әлеуметтік қолдау мен балалардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған үш негізгі заң қабылданды.

Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?

Жаңа жыл мерекесіне орай биыл ел тұрғындары 1-4 қаңтар аралығында демалады. Ал 5 қаңтар жексенбіге сәйкес келсе де, жұмыс күні болады.

Қазақстан онлайн-қызмет көрсету индексі бойынша Топ-10 елдің қатарына енді

БҰҰ рейтингінде Қазақстан электрон үкіметтің даму деңгейі бойынша әлемнің ең үздік 25 елінің қатарына енді.

Салық қызметкерлері қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады.

Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?

Төтенше жағдайлар министрлігі 2025 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы айтты.