Түрмедегі шетелдіктерді «асырау» ауыр тиіп тұр

Шет мемлекеттердің сотталған азаматтарын өздеріне қайтарудан бас тартуы елдегі гуманитарлық дағдарысты күшейтуде. Бұған қылмыстық-атқару жүйесіндегі қаржыландырудың жеткіліксіздігі түрткі болып отыр. Депутаттардың пікірінше қаржының тапшылығы мемлекеттің бұл саладағы негізгі міндеттерін орындауына кедергі келтіреді.

2025 жылы ҚАЖ комитетін қаржыландыруға қажет сома 151,4 млрд теңгені құрады. Бірақ республикалық бюджеттік комиссия 88,3 млрд теңгесін ғана мақұлдаған. Соның салдарынан, қаржы дефициті 63 млрд теңгеге немесе 42% құраған. Мəжіліс депутаттарының мəліметінше, ең осал бағыттың қатарында – арнайы контингентті азық-түлікпен, киім-кешекпен, коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету бар. Демек, бұлай бара берсе, сотталғандар ашығады, жыртық-жамау киім киюге мəжбүрленеді. Монополистер коммуналдық қызмет ақысын төлемегені үшін түрмелерді жылудан, жарықтан, судан жəне кəріз жүйесінен ажыратып тастаса, тіпті масқара болады. Бұған жол бермеу үшін депутаттар бірнеше ұсыныс-рекомендация түзіп, Үкіметке жолдаған болатын. Ең бастысы, ҚАЖ жүйесін жете қаржыландыруды сұрайды. Біраз абақтыны аралаған Мəжіліс депутаты Абзал Құспан қазақстандық түрмелердің аузы-мұрнынан шығып, лық тола бастағанына алаңдап отыр. Президенттің тапсырмасымен, Конституцияның 30 жылдығына арнап жарияланған 2025 жылғы рақымшылық та жағдайды көп жеңілдетпеуі мүмкін. Бағалау бойынша, рақымшылыққа шамамен 15 мыңдай адам ілігеді. Бірақ оның көбі темірторда отырған жоқ, пробация қызметінде есепте тұрып, еркіндікте жүргендер. Сондай-ақ қазіргі қолданыстағы қылмыстық істердің тоқтатылуы да сол статистикаға қосылған. Жағдайды одан əрі ушықтырып, қиындатып тұрғаны – сотталғандар санының жыл санап артуы: 2024 жылы – 36 923 болса, 2025 жылы – 40 364-ке дейін артқан жəне ары қарай көбеюде. Сондай-ақ «Тарифті инвестицияға айырбастау» аясында коммуналдық қызметтер тарифтерінің күрт көтерілуі де салаға соққы болды. – Бүгінде жүйеге шұғыл түрде 14,1 млрд теңге көлемінде қосымша қаржы қажет. Соның ішінде 8,7 млрд теңгесі – тамақтандыруға жəне кəсіпкерлер алдындағы берешекті өтеуге, 3,4 млрд теңгесі – коммуналдық қызмет ақысын жəне берешегін төлеуге, тағы 2 млрд теңгесі – киім-кешек жəне төсек-жабдық алуға керек, – деді А.Құспан. Қазақстанда түрмеге түскендер санының артуы мəселесін шешудің бір амалы ретінде депутаттар республикада қылмыс жасаған шетелдіктерді жаппай елдеріне қайтаруды ұсынды. Өзге ел азаматтары жазасының қалған мерзімін өз елінде өтегені тиімді. «Алайда, сотталған шетел азаматтарын өз елдеріне қайтару мəселесі əлі шешімін таппай отыр. Елдегі мыңнан астам шетелдіктің жыл басынан бері небəрі 45-і елдеріне қайтарылған. Кейбір мемлекеттер өз азаматтарын қабылдаудан ашық түрде бас тартуда. Осы бағыттағы халықаралық келіссөздер мен ынтымақтастықты жандандыру қажет», – деді заңгер Абзал Құспан. Қазақстанда заң мен ардан аттап, абақтыға қамалған азаматтарын əкетуден шет мемлекеттер бас тартып жатқанын Премьер-Министр де растады. Оның мəліметінше, қазақстандық ҚАЖ мекемелерінде, түрмесінде, колонияларында Қазақстанмен арада сотталған адамдарды өзара беру туралы келісім жасасқан 22 шетелдің 1 085 азаматы жазасын өтеуде. Олардың арасында Ресей азаматтары жетерлік, сондай-ақ Түрікменстан, Тəжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Əзірбайжан, Армения, Украина, Беларусь, Молдова, Грузия, Ауғанстан, Моңғолия, Пəкістан, Түркия, Қытай, Иран, Греция, Германия, Бангладеш, Ұлыбритания, Филиппин азаматтары да бар. – Соңғы 2 жылда Қазақстанның Бас прокуратурасына сотталғандарды өз мемлекетіне беруді сұрап 302 өтінішхат түсті. Соның 229-ы қанағаттандырылды. Қазақстандық жəбірленушілерге өтемақысын өтемегеніне, тиісті талап-арыздардың болуына байланысты сотталған 73 шетелдікті еліне қайтарудан бас тартылды. Бұл ретте өз мемлекетіне беру туралы өтініш білдірген 44 сотталушыны өз елдері қабылдаудан бас тартты, – деді Үкімет басшысы.

Аружан МАУЛЕНБАЙ, «Заң газеті»

Последнее слово – за избирателем

23 АВГУСТА В КАЗАХСТАНЕ СОСТОЯТСЯ ПЕРВЫЕ ВЫБОРЫ ДЕПУТАТОВ КУРУЛТАЯ. ПОКА ПАРТИИ ПРОДОЛЖАЮТ АГИТАЦИЮ, ИЗБИРАТЕЛИ ПОЛУЧАЮТ ВОЗМОЖНОСТЬ СРАВНИТЬ ИХ ПРОГРАММЫ И ПОЗИЦИИ, А ЭКСПЕРТЫ ОЦЕНИВАЮТ ВОЗМОЖНУЮ ЯВКУ. ОДНОВРЕМЕННО ФОРМИРУЕТСЯ И СИСТЕМА НАБЛЮДЕНИЯ ЗА ГОЛОСОВАНИЕМ.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрады

2026 жылғы II тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады.

Ел аумағында бір тәулікте 8 орман өрті тіркелді 

Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазақстандықтар қыркүйек айында қанша күн демалады? 

2026 жылдың қыркүйек айында қосымша демалыс күндері болмайды. Қазақстанда бұл ай әдеттегі жұмыс кестесімен өтеді.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады 

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 42 центке (0,47%) төмендеп, барреліне 88,56 долларды құрады.