Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы болып табылады. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттері қызметінің басым бағыттарының бірі — мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау.
2024 жылдың екінші жартыжылдығында жаңа тәртіппен Агентіктің Алматы қаласы бойынша департаментімен 4 мемлекеттік органда жоспарлы тексерулер жүргізілді.
Бір жоспарлы тексеріс барысында мемлекеттік қызметшінің құқығы бұзылғандығы анықталды.
«ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 9-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшінің пікірі бойынша негізсіз айыптар болған кезде мемлекеттік қызметшінің қызметтік тергеп-тексеруді талап етуге құқығы бар.
Алайда, жоспарлы тексеру барысында, мемлекеттік қызметшінің аталған құқығы бұзылғандығы анықталды, мәселен, қызметтік тергеп-тексеру жүргізбестен бас маманға тәртіптік жаза қолданылған.
Осы бұзушылық бойынша мемлекеттік қызметшінің құқықтары заңсыз шығарылған бұйрықтың күшін жою арқылы қалпына келтірілді.
Бұдан бөлек, Департаментпен жүргізілген тексеру шараларымен мемлекеттік қызметшілердің уақытылы іссапар шығындарын төйлеу, жыл сайынға ақы төленетін еңбек демалысына бару құқықтарының сақталуы қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының көптеген бұзушылықтар анықталды.
Департамент осындай бұзушылықтардың алдын алу бойынша да жұмыс жүргізуде. Мәселен, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзушылықтар анықталған жағдайда, Департамент қызметкерлері мемлекеттік органда бұзушылықтардың алдын алу, олардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды талқылау бойынша жұмыс жүргізеді, тиісті ұсынулар енгізеді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуына, анықталған заңнама бұзушылықтарына жүргізілген талдау нәтижелері Әдеп жөніндегі кеңес отырысына шығарылып, аталған бағытта мелекеттік органдардың жұмысын жетілдіруге қатысты ұсыныстар қабылданды.
Департаменттің қызметі мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау бойынша бақылау іс-шараларын жүргізумен қатар, мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге бағытталғанын атап өткіміз келді.
Департамент бұдан әрі мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қалпына келтіру бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
Л.Н. Науқанбай, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы