2024 жылғы 18 желтоқсанда өткен Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысында денсаулық сақтау саласына қатысты мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру бойынша талдау нәтижелері қаралды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасына сәйкес департаменттер қазан айынан бастап 5 сала бойынша талдау өткізді. Алматы қаласы бойынша департаментке денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді талдау тапсырылды. Бұл ретте жұмыс тобы нақты тәжірибені, ережелер мен ақпараттық жүйелерді зерттеу, қызмет көрсетушілер мен қызмет алушылардан ақпарат жинастыру арқылы ауқымды жұмыс жүргізді. Нәтижесінде Департамент дайындаған 100 аса ұсыныс тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен талқыланды. Жұмыс тобының ұсыныстары мемлекеттік органдар тарапынан қолдау тапты және отырыста мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру мен мерзімін қысқартуға бағыттылған қосымша ұсыныстар енгізілді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Мақсат Мұратбекұлы Жаңбыршиев