12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сенім  – заңды білуден басталады

Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі –  сабырсыздық, шыдамсыздық, яғни әрқандай мәселенің астарына үңіле білмеуден туындайды. Саяси- әлеуметтік  мәселелерді айтпағанда  отбасылық кикілжің, тұрмыстық қажеттілік үшін тараптар сотқа жүгінуге дайын тұрады. Әр сатылық, салалық соттарға істің көп түсетіндігі сотқа деген сенімді білдіретін шығар.Мұны құқықтық мемлекеттің адам құқығын қорғаудағы бір қадамы деп те санаған жөн.  Десек, судьялардың  уақытпен санаспай әр іспен жете  танысып,   заңнамаларды қайталай оқып, мұқият дайындалуға машықтанғаның біліп қана қоймай бағалай білген дұрыс. Өйткені, әр істің артында адам тағдыры тұр ғой.

Қызмет бабымен сот отырыстарында сот хатшысы міндетін орындағанда түйетін бір ойым — осы тараптар неге «Медация туралы» заңды  түсіне оқып ойланып,  сосын әрекет етпейді екен  деген ой санамда жаңғыра береді. Кәзір компьютерлік жүйе дамыған. Интернет желісіне енсеңіз іздегеніңізді табасыз. Жеке компьютеріңіз болмаса республикалық  «Заң газетін»  алып оқыңыз. Бұл басылымда біз секілді тұрақты оқырмандары сот жүйесінің сан алуан қырын бүге-шүгесіне дейін тәптіштей түсіндіретін мақалаларында қажеттілігіңізді тізіп береді.  Сот төрағалары мен судьялардың мол тәжірибесі  сұхбаттарында айқын жазылады.

 Қош, біздің бүгінгі мақаламыз татуласу медиация туралы болғандықтан алдымен  «Медиация туралы» заңның 3- бабына  назар аударсақ  1-тармағында  «дауды (жанжалды) шешудің медиация тараптарын қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу»,  2-тармағында  «тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету» деп мақсаты нақтыланған. Сонымен қатар бұл заңнама соттар ғимараттарында да көрнекті жерлерге ілінген. Бұл дегеніміз,  қарапайым халықтың құқықтық сауатын дамыту және артық шығын шығармауға, уақытын үнемдеуге берілген мүмкіндіктер. Күнделікті өмірден бірер мысал келтірсек, қандай да бір мәселе үшін қорғаушы іздеу, олардың  белгіленген ережесіне сәйкес келісім-шарт жасасып, ақысын төлеу, нәтижесін күту деп тізбелене береді. Ал сабыр сақтап,  жалпыхалықтық қолжетімді заңнамаларға үңіле оқып, жете түсінсеңіз өзіңізге өзіңіздің сеніміңіз артады. Әрі өмірлік қажеттілігіңіз өтеледі. Ең бастысы — медиация кезінде екі жақ та ризашылықпен тарасатынын ұғып, өзіндік ой түйесіз.Әрине, талапкер де жауапкер де сотқа шақырылғандықтан заңнама талабына сәйкес сот хатшысы тараптардың келісімдеріне сай  хаттама толтырады. Бұл қос тараптың дәл осы мәселе бойынша қайталап сотқа жүгіне алмайтындығын көрсететін құжат болып саналады.  Міне, осы екі тараптың өзара келісімге келгендіктерін көрсететін құжатқа сүйене судья анықтама шығарады. Сөйтіп,  медиация тараптарды татуластырып қана қоймай сол татулықты заңдастырып та береді. 

Қорыта айтқанда, медиацияның берері мол. Соны дұрыс пайдалана білу әр азамат пен азаматшаның арына, әлбетте болашағына ашылған тура жол деп те түсінген жөн.

Айнұр Сәкенова,

Алакөл ауданының  №2 аудандық

сотыны әкімшісінің бас маманы

Істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау

Азаматтық істі қараған кезде белгілі жағдайларда талап қою оңайлатылған...

Мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар

АПК-нің 27-бабының 1-бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулар...

Көлікті мас күйде басқарудың жауапкершілігі жоғары

Жол көлік оқиғаларын барынша азайту қазіргі таңда қоғамның алға...

Негізсіз баюдың соңы жақсылыққа апармайды

«Уәдені бұзған – ұяны бұзғанмен тең», «Ақшадан уәде күшті»...

Этикалық нормаларды сақтау міндет

Мемлекетіміздің болашағы соттардың әділдігімен  тығыз байланысты. Сондықтан, әділ сот...