«Тәуелсіздік тұғырың!» атты іс шара балалар колониясында өтті

Тәуелсіздік мерекесіне орай Алматы қаласы ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде, жеке құрам қызметкерлерімен және жазасын өтеуші жасөспірімдермен арасында, мекеме бастығының орынбасары Режим және күзет бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Керебаев Нұрлан Серикович пен

№3ЖББМ КМ география пәнінің мұғалімі Урбаева Кулшим Шариповнамен  «Тәуелсіздік тұғырың!» атты  іс шара ұйымдастырылды. Іс шара ҚР гимннің орындалумен басталып, жазасын өтеуші жасөспірімдердің, тәуелсіздік күніне арналған өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқумен өтті.  Интерактивті тақтадан желтоқсан туралы слайдттар көрсетілді.

Ал, жеке құрам қызметкерлері арасында «Желтоқсанға қатысушы» қоғам қайраткері Кабланов Арип Смаилович, қызметкерлермен өз көзімен көрген оқиғаның ащы шындығынан сыр шертіп,  желтоқсан оқиғасы нәтижесінде бабаларымыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізді, осы жолда талай боздақтың шейіт болғандығын, еліміз үшін аянбай еңбек етуді, Отанды сүюді азаматтардың бойына патриоттық қасиетті ұялату-басты мақсат екенін жеке құрам назарына жеткізе білді.

Еліміздің егемендігін дәріптейтін,бойға қайрат, жүрекке рух беретін жан тебіретерлік жыр, желтоқсанның ызғарын бейнелейтін фильмдер жеткізушінің де, тыңдаушының да жүрегіне жол тапты. Іс шара соңында мекеме бастығы, әділет полковнигі Сулейменов Алмат Битимбекович келген қонаққа алғыс білдіріп, тарихи маңызды зор бұл мереке әрқайсысымыз үшін ешқашан ұмытылмайтын, жүрек сыздай еске алатын ызғарлы күндер болып қала бермек екенін атап өтті.  Яғни, 33 жыл бойы аталып келе жатқан бұл күн-қасиетті

 Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,егемендігіміз баянды болатынына бүгін ұрпақ пен келешек ұрпақ та куә.

                                                                       №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...