Қазіргі заманда білім беру жүйесі кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болып табылады. БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму.Тұрақты даму мақсаттары концепциясының 4 бөлімі -сапалы білім екен алға тартқым келеді. Қазақстан сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін бірқатар реформалар жүргізіп келеді. Осы тұрғыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сапалы білім берудің, ғылыми зерттеулердің және инновациялардың орталығына айналып отыр. Университеттің білім беру саласындағы жетістіктері, халықаралық рейтингтердегі орны, сондай-ақ заманауи инфрақұрылымы оны еліміздегі үздік жоғары оқу орындарының бірі ретінде танымал етеді.ҚазҰУ қазіргі заман талаптарына сай келетін инновациялық білім беру бағдарламаларын ұсынады. Бұл бағдарламалар халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген және шетелдік жетекші университеттермен бірлесіп әзірленеді.Білім ордасының оқытушылары – жоғары білікті профессорлар мен ғылым докторлары. Олар тек білім беріп қана қоймай, ғылыми-зерттеу жұмыстарына да белсенді қатысады. Университетте әлемдік деңгейдегі зерттеу орталықтары жұмыс істейді, бұл студенттерге ғылымға ерте араласуға мүмкіндік береді.Оқу орны әлемнің 400-ден астам жоғары оқу орнымен әріптестік қарым-қатынас орнатқан. Университеттің студенттері мен оқытушылары академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы шетелде білім алу және тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие. Бұл ҚазҰУ-дың халықаралық аренадағы беделін арттырып, білім сапасын жаңа деңгейге көтеруде маңызды рөл атқарады.Университетіміз сандық технологияларды енгізу арқылы оқу үрдісін оңтайландыруда. Университетте қашықтан оқыту жүйесі, онлайн кітапханалар мен цифрлық зертханалар бар. Бұл студенттерге білімді еркін игеруге және жаңа технологияларды меңгеруге жағдай жасайды.ҚазҰУ түлектері еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Университет көптеген ұлттық және халықаралық компаниялармен серіктестік орнатып, студенттерге тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ұсынады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы университет дамуына елеулі үлес қосты.Кафедра тек сапалы білім беріп қана қоймай, жастардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға басты назар аударады. Бұл университет ел болашағының жарқын болуына қызмет ететін құндылықтарды дәріптеуде маңызды рөл атқарады. Сапалы білім беру – қоғамның басты міндеті. Сапалы білім алған түлек – өз елінің нағыз патриоты, болашағынан зор үміт күттіретін маман. Бұл үрдісті үздіксіз дамыту арқылы біз еліміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағына сенімді қадам жасай аламыз. Тек білімге құштарлық пен адал еңбек қана жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
ҚазҰУ түлектері – тәуелсіз Қазақстанның рухани және материалдық байлығын арттыруға үлес қосқан нағыз интеллектуалдық элита. Олар мемлекеттің әр саласында өздерінің кәсіби білімдері мен дағдыларын қолдана отырып, елдің дамуы мен гүлденуіне ықпал етуде. Университеттің түлектері – еліміздің бүгінгі және болашақтағы жетістіктерінің негізі.
Сартаев С.А
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к
Қасымбек Ә
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің 2 курс магистранты.