12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сапалы білім-ұлт дамуының іргетасы

      Әр елдің болашағы – оның білімді, білікті, жан-жақты дамыған азаматтарында. Осыған байланысты сапалы білім беру – тек жеке адамның ғана емес, тұтас ұлттың табысты дамуының кепілі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде білім беру саласында үздік нәтижелер көрсетіп келеді. Университет түлектерінің жетістіктері мен қоғамдағы жоғары беделі оқу ордасының сапалы білім беруге деген ұмтылысының айқын көрінісі.ҚазҰУ-да білім беру процесі тек теориялық біліммен шектелмейді. Білім беру бағдарламалары бойынша маман даярлау жоғары білікті профессорлар мен оқытушылар арқылы жүзеге асырылады. Факультетте студенттердің шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін барлық жағдай жасалған. Кафедраларда студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс істейді. Факультет студенттері жыл сайын университетте өткізілетін ғылыми-практикалық конференцияларға, сондай-ақ республикалық және аймақтық конференцияларға, олимпиадаларға, конкурстарға белсенді қатысады. Университетіміз  сыйластық пен шынайы достықтың мекені, өте ауқымды білім ордасы,талантты және дарынды жастардың басын қосатын құтты мекен. Білім ордасы  студенттердің жан-жақты дамуына, зерттеу қабілеттерін жетілдіруге және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Заманауи білім беру әдістері, халықаралық стандарттарға сай оқу бағдарламалары және жетекші оқытушылар құрамы түлектердің өз мамандықтарында бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді.Оқу ордамыздың түлектері  еліміздің  әртүрлі салаларында көшбасшы болып келеді. Олар мемлекеттік басқару, ғылым, бизнес, медицина, ақпараттық технологиялар және өнер салаларында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өз кәсібилігімен ерекшеленуде.Білім ордасының түлегі ретінде танылған белгілі ғалымдар мен саясаткерлер халықаралық деңгейде өз елінің атын шығаруда. Сондай-ақ, университет түлектерінің стартап-жобалары мен инновациялық идеялары ел экономикасын дамытуға үлес қосуда.

     Қара шаңырақ сапалы білім беру арқылы өз түлектерін халықаралық еңбек нарығына шығуға дайындайды. Университет шетелдік университеттермен және ғылыми орталықтармен тығыз ынтымақтастық орнатқан. Осының арқасында студенттер мен түлектер шетелдік тағылымдамаларға қатысып, озық тәжірибені меңгереді.Университет түлектері тек кәсіби салада ғана емес, қоғамдық өмірде де белсенді. Олар қайырымдылық шаралар ұйымдастырып, жастарды қолдау және экологиялық мәселелерді шешу секілді маңызды жобаларға жетекшілік етеді. Бұл олардың азаматтық белсенділігі мен әлеуметтік жауапкершілігін көрсетеді. Түлектердің еңбек жолындағы үздік жетістіктері – университет үшін зор мақтаныш. Осы орайда ҚазҰУ түлектері қоғамның барлық саласында белсенді еңбек етіп, алдыңғы қатардан көрі­ніп жүр. Өз ісінің шебері атанып, туған университетінің дәрежесін көтеріп жүрген барша түлектерімізге үлкен алғысым­ды білдіргім келеді.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері – сапалы білімнің айқын жемісі. Олар алған білімдері мен дағдыларын елдің дамуына және халықаралық деңгейде өз орнын табуға пайдаланып келеді. ҚазҰУ білім беру саласындағы көшбасшылығын сақтай отырып, болашақта да табысты түлектерін тәрбиелеуді жалғастыра бермек.Бұл мақтаныш тек университеттің ғана емес, бүкіл елдің жетістігі деп айтуға толық негіз бар.

Мынбатырова Н.К.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті

Абжапарова Ф

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 2 курс магистранты

Время покажет? 

Мы проанализировали мнения ведущих экспертов, являющихся сторонниками единого часового...

Тәуелсіздік — ел тұғыры

Еліміздің Тәуелсіздік бесігінде тербелгеніне отыз үш жыл толды. Осы...

Алтынбек НУХҰЛЫ, Парламент Сенатының депутаты: «ҚАБЫЛДАНҒАН ӘРБІР ЗАҢ МАҢЫЗДЫ»

– Биылғы жылы қандай маңызды заңдар қабылданды? – Қазақстан...

Ожидания от регионального кадрового резерва

Я, Умбеталиев Абылайхан Жолдасбекулы, являюсь руководителем отдела контроля требований...

ПОДВЕДЕНЫ ИТОГИ ПРОЕКТА «АКСЕЛЕРАТОР МОЛОДЕЖНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ ГОРОДА АЛМАТЫ»

Состоялся итоговый круглый стол проекта «Акселератор молодежных организаций города...