12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚазҰУ-дың климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі рөлі

     Тұрақты даму мақсаттарның 13-мақсаты: Климаттың өзгеруіне қарсы шұғыл шаралар қабылдау – бұл БҰҰ-ның тұрақты даму күн тәртібіндегі негізгі міндеттердің бірі. Климаттық дағдарыс адамзаттың және табиғаттың болашағына қауіп төндіретін маңызды мәселе болып отыр. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) экологиялық білім беру, ғылыми зерттеулер және тұрақты даму идеяларын ілгерілету арқылы осы мақсатқа қол жеткізуге белсенді үлес қосып келеді.Білім ордамыз Қазақстандағы экологиялық жауапкершілікті жүзеге асырушы алғашқы оқу орындарының бірі ретінде “Green Campus” жобасын енгізді. Бұл тұжырымдама университеттің экологиялық таза инфрақұрылымын дамытуды, энергия тиімділігін арттыруды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды көздейді. Кампуста:

          •         Күн және жел энергиясын қолдану,

          •         Қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін енгізу,

          •         Жасыл аймақтарды кеңейту жұмыстары жүзеге асырылуда.

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы тұрақты даму және экология саласында мамандарды даярлайтын білім беру бағдарламаларын ұсынады. Бұл бағдарламалар студенттерді климаттың өзгеруі, көміртекті азайту және экологиялық қауіпсіздік саласындағы заманауи біліммен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, студенттерге экологиялық сауаттылықты арттыру үшін арнайы курстар мен семинарлар ұйымдастырылады.Оқу ордасының ғалымдары климаттың өзгеруімен күресу және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бағытында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуде.Университет БҰҰ, ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдармен серіктесе отырып, тұрақты даму саласындағы жобаларға қатысады. Бұл ынтымақтастық арқылы ҚазҰУ ғалымдары климаттық саясат пен стратегияларды жетілдіруге өз үлесін қосуда.Оқу орнымыздың  студенттері тұрақты даму және климаттық өзгерістермен күресу бағытында белсенді жобаларды жүзеге асырады:экологиялық клубтар мен қозғалыстар студенттер арасында экологияға жауапкершілікті арттыруды мақсат етеді.Ағаш отырғызу және қалдықтарды азайту науқандары тұрақты түрде өткізіледі.ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі университеттердің экологиялық бастамаларын бағалайтын UI GreenMetric рейтингінде жоғары орынға ие. Бұл университеттің климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі белсенділігінің көрсеткіші.

Университите көміртегі ізін азайтуға бағытталған нақты шараларды қабылдауда.Энергияны тұтынуды оңтайландыру және жаңартылатын энергия көздеріне көшу арқылы көміртек шығарындыларын қысқартуды мақсат етеді.Қара шаңырақта экология және климат саласындағы студенттік стартап-жобаларға қолдау көрсетіледі. Мысалы, қалдықтарды қайта өңдеу, органикалық ауыл шаруашылығы және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы инновациялық жобалар жүзеге асырылуда.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті климаттың өзгеруімен күрес және тұрақты даму мақсаттарына жету жолында Қазақстандағы жетекші білім және ғылым орталығы болып табылады. Университеттің экологиялық бастамалары, ғылыми зерттеулері мен білім беру бағдарламалары ТДМ 13 міндеттерін орындауда маңызды рөл атқарады. ҚазҰУ-дың бұл бағыттағы қызметі еліміздің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және жаһандық климаттық дағдарысты шешуге ықпал етеді

Г.Н.Мұхамадиева, Ә. М.Ерғали, О.Н.Тілепбергенов

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессорлары

Нужно делать больше, чем тебе под силу

Я, Мұқажан Мұхамед Тоққожаұлы родился 26 июля 1994 года...

Заңды өкілінің іс әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сот іс өндірісін тоқтатты

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Қазіргі таңда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының...

Мемлекеттік тіл – тәуелсіздіктің басты белгісі

Елімізде мемлекеттік тіл мәселесі әлі күнге дейін өзекті екенін...