12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Тіл тағдыры өзіміздің қолымызда»

Мемлекеттік тіл тәуелсіздік ұғымымен тікелей байланысты,өйткені ата-бабамыздан келе жатқан тілімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз.Басқа ұлт өкілдерінің тілі өз атажұртында тағында отыр.Тәуелсіз Қазақстандағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі дәл солай тағында отыруы қажет.Әрине, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында тіл білудің артықтығы жоқ. Дейтұрғанмен, Қ.Мырзалиев атамыз айтқандай, өзге тілдің бәрін білсекте,өз тілімізді әлемге танытқанымыз жөн.
«Әдебиет тілінің қаруы – баспа мен мектеп.Баспа мен мектеп деген – адам шошынарлық өте қайратты қару.Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында сіңбей қалмайды.Мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді. Мектеп пен баспада қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел — сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды», — деп Х.Досмұхамедұлы атамыз айтқан.
Бұл да еститін құлақ болса жеріне жеткізіліп айтылған сөз. Жоғарыдағы екі қайратты қаруға аса мән берілуі қажет.Тілі жаңа шығып жатқан бүлдіршіндердің көретіні «Балапан» телеарнасымен шектелмей, қазақ тіліндегі каналдар, бағдарламалар, оқу сабақтары, тіл үйрететін бағдарламалар көп болса, бүлдіршіндердің ойы да, тілі де дамиды.
Өз ойымды А.Байтұрсынұлының: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады» деген сөзімен тұжырымдағым келіп отыр.Расында бізде қазір мемлекеттік тілдің мерейін өсіруге қажеттінің бәрі бар.Тәуелсіз еліміз,қазақтың саны жыл өткен сайын көбеюде.Енді тек бұл маңызды іске баршамыз үлес қосуға тиіспіз.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы С.Кусембаева

В Алматинской области уровень оснащения медучреждений за три года вырос с 79% до 92%

В Алматинской области в рамках национального проекта «Модернизация сельского...

Алматы облысында соңғы үш жылда медициналық ұйымдарды жабдықтау деңгейі 79%-дан 92%-ға дейін артты

Алматы облысында Президент тапсырмасы негізінде қабылданған «Ауылдық денсаулық сақтауды...

В Алматинской области продолжается работа по привлечению медицинских кадров в рамках модернизации сельского здравоохранения

В рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения» Управление здравоохранения...

Борышкердің мүлкін өткізу тәртібі

Борышкердің мүлкiн өткізу тәртібі ҚР Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы...