XIX ғасырдың бірінші жартысында жасанды материалдардың түрлері зерттеле бастады. Осы уақыттан бастап әлемде пластмасса атты дүние пайда болды. Берік, әдемі әрі әмбебеп пластмассалар адам өмірде кеңінен қолданыла бастады. 200 жылдан кейін дәл осы пластмассалар жер шарына үлкен қауіп төндіруде. Пластикалық өнімдер өндіретін зауыттар жылына ауаға шамамен 400 млн.тоннаға дейін көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Бұл экологиямыздың басты жауы. Жан-жануарлардың 800-дей түрі осы пластик қалдықтарының кесірінен жойылып кету алдында тұр. Планетаға осынша зардап тигізіп отырған пластмассасыз өмір сүруге бола ма?
Пластмасса біздің өміріміздің көптеген салаларында, мысалы, қаптама, киім, электроника және медициналық жабдықтарда кеңінен қолданылады. Бұл пластик өнімдерсіз өмір сүру мүмкін емес дегенді білдірмейді. Металл, шыны мен мата өнімдері пластмассалардың керемет баламалары бола алады. Қоршаған ортаға да аз зиян келтіреді.
Пластмассасыз өмір сүру үшін полиэтилен пакеттер мен бөтелкелерді ұмыту қажет. Олардың орнына қайта өнделетін немесе көп пайдалануға болатын сөмкелер мен контейнерлерді алған дұрыс. Қазіргі таңда көптеген супермаркеттер осы үрдісті пайдаланады. Дүкенде тауар тандай барысында заттың қаптамасына мән беріңіз. Шыны немесе қағазбен қапталған азық-түлікті таңдау арқылы сіз ғаламшарымызды қорғауға ат салысасыз.
Пластмассасыз өмір сүрудің тағы бір жолы — ағаш, бамбук немесе мақта сияқты табиғи материалдардан жасалған бұйымдарды сатып алу. Бұл материалдар биологиялық ыдырайды және пластикке қарағанды зиянсыз.
Жалпы, біздің өмірімізде пластиксіз өмір сүру мүмкін, бірақ бұл үлкен өзгерістерді талап етеді. Адамзат пайда болғаннан бері өзін тіршіліктің ең жоғарғы сатысы санайды. Әлем тап бір бізге қызмет ету үшін жаралғандай. Табиғатсыз адам баласы бір секундта өмір сүру алмайды. Ресурстарымыздың сарқылатынын біле тұра, оларды қалпына келтіруге тіпті әрекет жасамаймыз. Экологиялық мәселелер бәрімізге аян. Бірақ не себепті жабулы қазан жабулы күйінде қалады?
Мұрат Даниял
Абылайхан атындағы екі шет тілдер және халықаралық қатынастар университеті
2 курс журналистика