«Тамаша» театрына — 45 жыл: Республика сарайында мерейтойлық концерт өтті

Алматыда «Тамаша» әзіл-сықақ театрының 45 жылдығына арналған концерт өтті. 1978 жылы құрылған өнер ұжымының астарлы әзілін, уытты қойылымдарын тамашалауға келгендердің қатары қалың болды. Тамаша актерлері қоғамдағы түрлі келеңсіз жағдайларды әзілге айналдырып, жиналғандардың езуіне күлкі үйірді. Көрермен де сан жылдар бойы сағынған актерлерін көріп, ұзақ шапалақ соғып құрмет көрсетті.

Сахна шымылдығын Тұңғышбай Жаманқұлов пен Лидия Кәденова ашты.
Гүлбаушан Тілеубекова, Данагүл Темірсұлтанова, Асылбек Боранбай, Марат Көккөзов, Нұржан Тұтов көрермендерге әзіл-қалжыңын айтып, көңілдерін бір желпіндіріп тастады. Бір кездері ойнаған қойылымдарын қайта қойып көрерменді өткен жылдарға жетелеп, күлкіге қарқ етті.


— Тамаша болады дегенді ести сала, билет алдық. Кеш керемет өтті. Бүгін республика сарайына жиналған қауым ерекше ностальгияға бөленді деп ойлаймын. Актерлердің өнерін тамашалап отырып, бұрынғы кездер көз алдыма елестеді. Сағынып қалыппыз, — дейді алматылық көрермен Рәзия Қыдырбайқызы.
Жүздеген талантың жұлдызын жаққан «Тамаша» әзіл-сықақ театрының мерейтойына арналған кеште Роза Рымбаева, Айжан Нұрмағамбетова, Ұлықпан Жолдасов, Тамара Асар, Толқын Забирова сынды әншілер мен «Дос-Мукасан», « Үркер» тобының орындауындағы әндер кештің ажарын аша түсті


— Қазір жас әзіл-сықақ театры көп. Бірақ, тамашаның орны бөлек. Бүгін біздің сүйікті тамашамыз қайта оралды. Тамашаның саханасын сағындық. Тамаша жасай берсін, — деді Роза Рымбаева.
Астарлы әзіл, ой саларлық қалжыңымен көрерменнің жүрегінен жол тауып, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген театрдың кешіне келген өнер сүйер қауым қимастық көңілмен тарқасты.
Думанды кештің телевизиялық нұсқасын 31 желтоқсан күні «Jibek Joly»
арнасынан көруге болады.
Еске салайық, 30 қарашадан бастап Jibek Joly телеарнасынан аты аңызға айналған «Тамаша» туралы сериал көрсетіле бастады. 
Сериал қазақ халқының ең танымал театрының тарихында болған барлық маңызды оқиғаларды, танымал кейіпкерлермен, интермедиялармен және музыкамен көрсетеді.

Қарыздан құтылудың тиімді тетігі

Әрбір заң азаматтардың құқығы мен бостандығын әділ қорғау, халыққа...

Жаңа Конституция заң үстемдігін орнатады

Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бүкілхалықтық референдумда халықтың қолдауымен қабылданды....

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ…

Жақында Алматыда 8848 театры құрылып,  жаңа театр өнер әлеміне...

Қазақ тіліне деген құрмет әрқашанда маңызды болуы тиіс

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және елдің...

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...